Каржы сауда лексикасы соңғы

92 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ адам досы» (ТТАС); қарайым т. қызыл «алтын ақша»; қызыл алтын «алтынның қызыл түрі» (KРПС 383); қазақ т. қызыл алтын «саф алтын» (ҚӘТС I 458); қырғыз т. қызыл алтын «таза алтын» (КРС I 52); қарайым т. қызыл алтын «червонное золото» (КРПС 383). Ноғай тілінде ауыз әдебиеті жырында қызыл алтын «алтын» формасында сақталғанын анықтадық: Бұлан қуған қазаққа, Алла берер қызыл алтын етеклеп. Қызыл алтын Алла берген қазаққа, Кімлер бермес еру қызын йетеклеп (TEA 21 2002: 111). Өлең шумағындағы қазақ сөзінің «қазақ» атауына қатысы жоқ. Қазақ сөзі бұл тілде «дала жауынгері, бостандық аңсаған дала кезуші» мәндеріне ие. Якут т. қыхыл көмүс «алтын» (ЯРС 213). Бұл тілде түркі тілдеріндегі алтын сөзі (яғни алтан тұлғасы) тек «мыс» мәнінде айтылатыны назар аударарлық. Қызыл сөзі «алтын» мағынасында қазақ мақал-мәтелдерінде сақталған: 1. Қыздың көзі қызылда. 2. Қыз ұзатқанның қызылы қалмайды 3. Ананың көңілі қызында, қызының көңілі қызылда (Кейкін 2002: 75-77). Жоғарыда айтылғандай қызыл сөзінің алтын мағынасына ие болуы оның қызыл түсті (қызыл-сары) болуынан деп жорамал­ даймыз. Екінші жақтан, алтын мағынасындағы қызыл сөзі «қызыл алтын» деген тіркестен қысқарып (тіркестің екінші сыңары түсіп) пайда болған болуы әбден мүмкін. Ділдә (көне) «алтын ақша» (ҚТТС 213). Ділдә терминдік атауы да бұрынғы «алтын ақша» мағынасындағы сөзден шыққан. Негізі ділдә бұрын парсы тілінде ресми валюта (бес күміске тең алтын жалатылған тиын) болған. Қазақ қызының Ділдә есімі де осы иран тіліндегі «алтын ақша, алтын» мағынасынан шыққан. Қыз есімінен бөлек Ділдәбек, Ділдәбай, Қабділдә, Ділдәхан, Әбділдә тәрізді кісі есімдерінің құрамында кездеседі. Қазақ әдеби тілі сөздігінде оны парсы тілінен кірген деп берген: ділда [ир.] (көне) «Құны бес теңгелік алтын ақша; алтын, күміс ақша»

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==