Каржы сауда лексикасы соңғы

91 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ «Слово алтын в поэме Қисса Юсуф употребляется не как название металла. Оно либо обозначает «серебренная монета» либо символизирует счетную единицу. Например золотой сосуд оценивается в 400 алтын. В тех случаях, когда в поэме упоминается чистое золото, почти всегда прибовляется слово «қызыл» (Мухамадиев 1983: 39). Хорезм дәуірінің тағы бір жәдігері Ортаазиялық тәпсір кіта­ бында қызыл сөзі жоғарыда айтылған мәнге ие: қызыл «алтын ақша»: қырқ мың қызыл алтун тутар ерди «қырық мың қызыл алтынға ие еді» (Боровков 1963: 53). Шағатай жазба мұрасы Шайбани хан диванында қып-қызыл алтун «таза алтын» (Şiban.71a-5); қызыл йақут «алтын, қызыл жақұт» (Şiban.129b-6). Көне Анадолы түрік жәдігері Қорқыт ата кітабында қызыл «алтын» (DKK.10-7...); Сүхейіл невбахарда қызыл алтун «алтын ақша» (Süheyl.28-11...); Жүсіп пен Зылихада қызыл алтун «алтын, алтын ақша» (YusZel.23b.670). Қазіргі түрік тілдеріне келсек, қызыл сөзінің оғыз тілдерінде және оғыз тілінің әсерінде қалған қарайымшада (негізі қыпшақ тобына жатады), сонымен бірге периферик тіл (жырақ қалған тілдер) якутшада актив жұмсалатынын көреміз. Тіпті әзербайжан, якут тілдерінде алтын сөзі мүлдем қолданылмайды. Түрікмен тілінде болса, алтын сөзіне қарағанда қызыл сөзі белсенді жұмсалады: Түрік тілінің диалектілерінде kızıl «алтын» (DS VIII 2863); әзербайжан т. ғызыл «алтын» (AzTS 521); түрікмен т. ғызыл «алтын»: Ғызыл гөрсе ғызыр йолдан азар «Алтын көрсе періште жолдан таяр» (TРС 229). Түрікмен тілінде түркі тілдерінде жиі айтылатын Алтын көрсе періште жолдан таяр мақалындағы алтын сөзі ғызыл синонимімен ауыстырылған. Қарақалпақ т. қызыл: Қыздың көзи қызылда (КкРС 421); башқұрт т. қызыл яқут «лағыл»; қызыл (арх.) «алтын» (БТҺ I 56; 717); татар т. кызыл якут «лағыл (рубин) (ТатРС 502); кызыл «югары пробалы, саф, кыйммәтле металл (жоғары сынаулы, саф, қымбат металл (алтын)»: Әһә, син идеңме әле минем кызыл алтын тарагымны урлаган? «Сен бе менің қызыл алтын тарағымды ұрлаған?»; Йөрәксездер колын, әмма Кызыл алтын аның бәһасы, үзе инсанга юлдаш «Үркек құлын, бірақ оның бағасы қызыл алтынмен тең, өзі

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==