Каржы сауда лексикасы соңғы

90 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Белгілі зерттеуші, этимолог ғалымдар да «қызыл» мағынасын­ дағы ал сөзімен байланыстыратыны сәйкестік емес. Мәселен, «қызыл» + тун «қола» этимологиясын өзге белгілі түркітанушы, алтайтанушы ғалымдар қолдайды. Мысалы, Рамстедт алтын сөзі ал «ал қызыл» + тон (корей тілінде «қымбат металл») (Ramstedt 1957: 151) деген екі формадан жасалған деп тұжырымдайды. Щербак алтын сөзінің екінші сыңары (бірінші сыңары көне түркіше: ал «ал қызыл») қытай тіліндегі тун «мыс» сөзі деп анықтайды (Щербак 1966: 34). «Қызыл» түсті білдіретін ал сөзімен байланысты деген пікірді Рясянен де қолдайды (Räsänen 1969: 18b). Вамбери ал «ал, қызыл» сөзімен байланыстыра отырып, жалтырау/жылтырау және ала сөздерін де осы қатарда береді (Vambery 1878: 11). Қызыл «алтын»: Жоғарыда алтын сөзі қызыл семантикасымен байланысты екені дәлелденді. Енді қызыл сөзінің өзі алтын мағынасында қолданыла ма, соны анықтап көрсек. Сонымен, алтын сөзі қызыл мағынасындағы «ал» сөзінен жасалған. «Қызыл» мағынасындағы сөздердің алтын мағынасына ауысатынының славян тілдеріндегі дәлелі «қызыл, ал (алый)» мәніндегі червонный (червонное золото) сөзінің «алтын монета» (червонец) мағынасында қолданылғаны. Cонымен бірге, бурят тілінде «қызыл» түсті білдіретін улан сөзі улан мүнген (қызыл күміс) тіркесінде «алтын» мағынасында сақталғанына қарап, о бастағы қызыл түстің «алтын» мағынасына ауысатының тағы бір дәлелі болары күмәнсіз. Ендеше түркі тілдеріндегі қызыл сөзі «алтын» мағынасында жұмсалуы мүмкін бе деген сұрақ туындайды. Түркі тілдері деректері негізінде қызылдың да «алтын» мәнінде жұмсалатынын анықтауға болады. Мысалы: Қызыл сөзі орта ғасыр жазба ескерткіштерінде: Хорезм, Алтынорда дәуірі жазба ескерткіші Нехжүл ферадисте қызыл алтун «алтын» (NF.64.13); Қиссасүл Юсуфта қызыл «таза алтын», бұл ескерткіште алтын сөзі «ақша» мәнінде жұмсалса, қызыл сөзі «саф алтын» дегенді білдірген. Бұл туралы татар нумизмат ғалымы Азгар Мухамадиев жазады:

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==