Каржы сауда лексикасы соңғы

89 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ По-латыни два алтына, а по-русский шесть копеек. Пятиалтынный (в чисто пережиточной форме счет на алтын сохраняется в ныне отмирающем народным названии монеты СССР достоинством в 15 копеек – пятиалтынный) «15 тиын» (Спасский 1956: 19). Алтын сөзінің этимологиясына келсек, Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде (Нәдия Қарашеваның мақаласы) алтын сөзі алты және тиін сөздерінен жасалған деген пікір келтірілген: «Ертеректе Орта Азия халықтарында ақша ретінде әртүрлі нәрсе қолданылғаны мәлім. Мысалы, моңғолдарда ақша ретінде жібек мата, алтайларда мал терісі жұмсалса, кейбір түркі халықтарында нәрсенің құнын белгілеуші алты тиіннің терісі болған. Кейін алтымен мен тиін сөздері бірігіп, алтын болып өзгерген де, ақша пайда болған кезде үш тиіндік алтын (кейін бақыр) ақша есебінде қолданылған. Мысалы, орысша алтынник «үш тиіндік ақша», пятиалтынник «он бес тиіндік ақша» (ҚТҚЭС 35). Рамстедтің кейін өзі күмәнді деп тапқан көзқарасы бойынша алтын сөзі арабша латун (орысша латунь) және түркі тілдеріне тән сөз басына дауысты дыбыс қосылуы (протеза) арқылы жасалған деген (Ramstedt 1957: 36). Эрен алтын сөзінің анық әрі нақты соңғы этимологиясын ұсына алмадық деп, ғалымдардың тұжырымдамаларын ғана келтіреді (Eren 1999: 9-10). ЭСТЯ авторлары зерттеушілердің тұжырымдамаларына сүйене отырып, алтун (алтын) сөзінің «қызыл» мағынасындағы ал мен «мыс, қола» мәніндегі тун сөздерінен жасалған дегенді алға тартады. Дәлел ретінде қызыл сөзінің түркі тілдерінде «алтын» мағынасында айтылатынын және тун (түрікше тунч «қола», чуваш т. туй «қола қазан») сөзінің «қола» мәнінде жұмсалатынын келтіреді (ЭСТЯ I 142). Қызыл сөзінің алтын мағынасына ауысатынының тағы бір дәлелі орыс тіліндегі «алтын монета» мағынасындағы червонец көне сөзі «қызыл, ал (алый)» мәніндегі червонный сөзімен байланысты (червонное золото). Cонымен бірге, бурят тілінде «қызыл» түсті білдіретін улан сөзі улан мүнген (қызыл күміс) тіркесінде «алтын» мағынасында сақталғанына қарап, о бастағы қызыл түстің алтын мағынасына ауысатының дәлелі.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==