Каржы сауда лексикасы соңғы
88 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Эвенки т. алтама «алтын; мыс, қола»; солон т. алта «алтын»; негидаль т. алтан «мыс»; ороч т. акта «қаңылтыр; цинк»; удмурт т. алта «сол мағ.»; нанай т. алта «қаңылтыр»; манчур т. алтахату «алтын» (CCТМЯ I 33). Щербак эвенки тіліндегі алтан сөзінің бурят тілінен алынға нын жазып, ол тілдегі форманы алтай тілдері туысқандығымен байланыстыруға болмайтынын алға тартады (Щербак 1966: 34). Алтай тілдері гипотезасына қарсы неміс ғалымы Дерфер алтынның прототүркі сөз екенін айтып, оның бірінші моңғол тіліне кіріп, кейінірек көне түркі тіліне қайта кіргенін дәлелдеуге тырысады (Doerfer I 1963: 142). Осы мектептің келесі өкілі Клаусон болса алтын сөзінің моңғол тіліне алтан формасында енгенін айтып, оның моңғол тілінен тек якутшаға (алтан «мыс») кіргенін жазады (Clauson 1972: 131). Г.Мамырбекова Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің түсіндірме сөздігі атты еңбегінде алтынды тіпті парсы тілінікі деп көрсеткен: АЛТЫН (пар. алтун – )آلتون алтын (Мамырбекова 2017: 37). Алтынның түбі түркі сөзі екені анық, ол ең көне дәуірлерден бастап, қазіргі түркі тілдерінің барлығында қолданылады, көрші тілдерге де түркілерден кірген. Мысалы, алтын сөзі орыс тіліне де кіріп, ертеректе «ақша» ретінде қолданылған: «Оригинальная русская монета XIV в. возникает в сопровож дении принципиально новой терминологии. На смену традиционным денежным терминам – куна, резана, векша, ногата – приходят новые термины – деньга, алтын… Новые термины свидетельствуют о татарском (бізше Алтынорда қыпшақтары) влиянии» (Янин 1956: 21, 22). «Алтын старая разменная монета в 6 денег, равная 3 коп., отсюда пятиалтынный (15 коп.). Первоначально алтын, согласно сообщению Герберштейна, был равен шести медным деньгам. Из тур,. тат. алтын «золото» (ЭСРЯ (Фасмер) I 72). Алтын сөзі көне орыс тілінде ресми ақша түрі, валюта болып қолданылғанынан келесі мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерде де сақталған: Алтынного вора вешают, полтинного чествуют; Не того рубля алтын;
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==