Каржы сауда лексикасы соңғы

87 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ жерде жатып шірімес» (ТатРС 40); башқұрт т. алтын: Алтынды эзлә таштан, ақылды эзлә баштан «Алтынды ізде тастан, ақылды ізде бастан 9 »; Алтынды тут алмас, сыузы ут алмас «Алтында тот алмас, суды от алмас 10 » (БТҺ I 56). Ұйғыр т. алтун (YUTS 11). Түрікмен т. алтын : Сабыр соңы сап алтын «Сабыр түбі сар алтын» (ТРС 42); гагауз т. алтын : Диил хепси алтын не йалабеер «Жылтырағанның бәрі алтын емес 11 » (ГРМС 43). Сары ұйғыр т. алтын (Малов 1957: 14); хакас т. алтын: Хуу пастың харағына хум толбас хажан да, ачын пайның харағына алтын толбас хажан да (мақал) «Қу бастың көзіне құм толмас ешқашан, ашкөз байдың көзіне алтын толмас ешқашан» (ХРС 24); тува т. алдын (ТувРС 54); алтай т. алтын : Алтынға садынба, алып мен деп мактанба (мақал) «Алтынға сатылма, алыппын деп мақтанба»; Акча чаазын, кижи алтын (мақал) «Ақша қағаз, адам алтын» (АРС 63). Якут тілінде тек «мыс» мағынасында ғана қолданылады (өйткені алтын мәнінде қыһыл көмүс «қызыл күміс» сөзі актив жұсалады): Якут т. алтан «мыс»: алтан харчы «мыс мәнет» (ЯРС 39). Кейбір түркі тілдерінде алтын-күміс деген қос сөз «байлық, қазына; асыл тастар, қымбат дүниелер» деген мәнді білдіреді: Ноғай т. алтын-күмис «алтын-күміс, асыл тастар, қазына»: Алтын-күмис тас экен, арпа-бийдай ас экен (НРС 39); татар т. алтын-көміш: Алтын-көміш чыққан жирдән туған-үскен жир яқын «Алтын-күміс шыққан жерден туған-өскен жер артық» (ТатРС 40); башқұрт т. алтын-көмөш: Алтын-көмөш йауып торғанда да бүтін ерзәр тыуған ил булма й «Алтын-күміс жауып тұрса да ол жерден туған елдей болмас» (БТҺ I 56); қырым татар т. алтын-күмүш «байлық; құнды тастар, қымбат қазыналар» (КТРС 329). Алтай т. алтын-мүңүн/алтын-күмүш «бағалы тастар» (АРС 63). «Алтын» алтай тілдерінде де білінетін сөз, мысалы: Моңғол т. алтан ; халка т. алт; бурят т. алтан ; калмақ т. алтн ; дагай т. алта ; монгуор т. хaрдaм «алтын» (ЭСМЯ I 47). 9 Алтын мен күміс, әманда, таспен бірге жатады (Кейкін 2002: 169). 10 Алтынды тот баспайды (Кейкін 2002: 256). 11 Жылтырағанның бөрі алтын емес (Кейкін 2002: 257).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==