Каржы сауда лексикасы соңғы

86 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Ішек бойлап он саусақ жорғаласа, Бейістің үні шығар қоңыр салқын (Абай 1909: 78). Қазіргі түркі-моңғол тілдеріне келсек, алтын сөзі барлығында жуық жұмсалады алайда көне түркі тіліндегі мағынасы көп көріне бермейді. Екінші мағынасында төмендегі тілдерде ғана айтылады: Қарашай-балқар т. алтын ачха «алтын ақша, алтын теңге» (РКБС 197); құмық т. алтын «алтын монета, алтын тиын» (КумРС 27); татар т. алтын (истор.) «алтыннан құйылған ақша» (ТТАС I); башқұрт т. алтын/алтын ақса «үш теңге дәрежесіндегі көнеде қолданылған алтын ақша; алтыннан құйылған он сомдық ақша»: бер алтын «бір алтын»; биш алтын «бес алтын»; алтын менән түләу «алтын соммен төлеу» (БТҺ I 56); қарайым т. салыст.: қызыл «алтын ақша» (KРПС 383). Өзбек т. олтин «2. алтын ақша» (УТИЛ I 534). Түрік т. аltın «2. алтын манат, алтын тиын; ақша; лира; байлық»: altınlar «алтын монеталар»; Altın anahtar «ақша әрнәрсенің кілті»; altın babası «бай, ақшаның, байлықтың көкесі» (ТурРС 51); гагауз т. алтын (арх.) «алтын монета» (ГРМС 43). Чуваш т. ылтан «алтын монета, алтын тиын» (Федотов II 1996: 471). Төмендегі тілдерде cөздіктерге қарап өз бастапқы мағынасында жұмсалатынын байқаймыз: Қырғыз т. алтын «алтын»: Сабырдын түбү сары алтын 3 (КРС I 52); қарақалпақ т. алтын : Алтын көрсе периште жолдан шығар 4 ; Алтын жерде қалмас, жақсылық жолда қалмас 5 ; Алтын гүмис тас болар, арпа бийдай тас болар 6 (КкРС 40); ноғай т. алтын : Алтын күмис тас экен, арпа бийдай ас экен (НРС 39); құмық т. алтын: Алтын гиччи болур (мәтел) «Алтын кішкентай ғана болар»; Алтын еринде сыйлы (мәтел) «Алтын өз орнында бағалы 7 » (КумРС 27); қарайым т. алтын: Не ки алтынлы алтынлы (мәтел) «Алтынның аты алтын» (КРПС 65); татар т. алтын : Алтын җирдә ятып черемәс 8 «Алтын 3 Сабыр түбі сары алтын (Кейкін 2002: 304). 4 Алтын көрсе, періште жолдан шығады (29-қара сөз, қолжазбада). 5 Алтын жерде жатпайды (Кейкін 2002: 235). 6 Арпа, бидай ас екен, Алтын, күміс тас екен (Кейкін 2002: 222). 7 Алтын базарында бағалы (Кейкін 2002: 253). 8 Асыл айнымас, алтын шірімес немесе Дау арылмас, алтын шірімес (Кейкін 2002: 307).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==