Каржы сауда лексикасы соңғы

85 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Қарахан дәуірі жәдігері Диуани лұғатит түркте алтун «алтын манат, алтын ақша»: ол мениң бирлә бир алтунда ағысды «ол менімен бір алтын ақша үшін тартысты» (МҚ I 185) (ДТС 40); уруғлу алтун «ақша ретінде құйылған алтын» (DLT I 147). Мақмұт Қашқари мақал-мәтелдерінде: Бар бақыр, йоқ алтун «Бар – бақыр, жоқ – алтын (Мыс табылады, алтын табылмас)» (DLT III 28). Күмүш күңе урса алтун аяқын келир «Күмісті күнмен күптесе, алтын өз аяғымен келер (DLT I 165). Құтты білікте алтун-күміш «байлық, қымбат қазына»: нелүк тердим ерти бу алтун күмүш «соншама қазынаны қайдан ғана жинадым» (КB 48/15) (ДТС 40). Хорезм дәуірінде жазылған мұраларда да алтын сөзі «төлем құралы, ақша» мағынасында қолданылған: «Слово алтын в поэме Қисса Юсуф употребляется не как название металла. Оно либо обозначает «серебренная монета» либо символизирует счетную единицу. Например золотой сосуд оценивается в 400 алтын (Мухамадиев 1983: 39). Ортаазиялық тәпсір кітабында алтун «алтын ақша, алтын монета»: миң алтуны бар иди «мың алтын ақшасы бар еді» (Боровков 1963: 53). Мәмлүк қыпшақ жазбасы Китабу межму тержуманиде алтун «алтын ақша»: нече алтун? «қанша алтын тұрады?» (Құрышжанов 1970: 84). Көне түркі жәдігерлерінде «алтын ақша» мағынасында түбі арабша динар сөзінің де қолданылғаны белгілі: бахалығ динар ол билиглиг киши «білімді адам бағалы динар» (ДТС 160). Көне жазба мұраларында алтун деген формасында қолданылғаны анық, Абай қолжазбаларында да тек осы көне нұсқасында жазылғаны назар аудартады. Мысалы: Алтұн көрсе феріште жолдан шығады дейді. Феріштеден садақа кеткір-ай, феріште алтұнды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдұғұн қостағалы айтқаны (Петек 2020: 48). Абайдың 1909 жылғы өлеңдер жинағында да алтұн деп көнеше жазылғанын білеміз: Көңлім менің қараңғы. Бол, бол, ақын! Алтұнды домбыраңмен келші жақын.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==