Каржы сауда лексикасы соңғы
84 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Қарайым т. қапақ «қақпақ» (КРПС 362); қырым татар т. қапақ «сол мағ.» (КТРС 419); қарақалпақ т. қақпақ (КкРС 360); қырғыз т. қапқақ (КРС I 343); құмық т. қапғач «қақпақ» (КумРС 166); ноғай т. қапқаш «сол мағ.» (НРС 146); татар т. қапқач «сол мағ.» (ТатРС 364); татар тілінің диалектілерінде қабақ/қавақ «жапырақша» (ДСТЯ 371, 373); барабин татарларының тілінде қавақ «жапырақ» (Радлов II 50); алтай т. қаақ ; алтай тілінің кумандин диалектісінде қабақ «жапырақ» (Баскаков 1972: 216); чуваш т. хупах «түйежапырақ» (Федотов II 1996: 359). Түрік т. kapak «қақпақ, қақпақша» (ТурРС 508); гагауз т. капак «сол мағ.» (ГРМС 243); түрікмен т. ғапақ «сол мағ.» (ТРС 153). Ұйғыр т. қапақ/қапқақ «қақпақ» (YUTS 220); өзбек т. қоқпоқ (УРС 681). Алтай т. қақпақ «қақпақ» (АРС 263); тува т. қақпақ (ТувРС 221); хакас т. хахпах (ХРС 281). Ат тұяқ алтын/аттұяқ «ат тұяғы көлеміндей алтын; жылқы тұяғымен барабар алтын». Аттұяқ арнаулы қалыппен жасалады. Қазақта «ат тұяғындай алтын» деген теңеу бар. Аттұяқ жөнінде С.Мұқановтың еңбегінде төмендегідей мәліметтер келтіріледі: «Сол сапарында ол қытайлардан және моңғолдардан «қойтұяқ», «тайтұяқ», «аттұяқ» аталатын алтын жентектеріне қоржынының бір басын толтырып қайтқан» (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз, 2, 156) (ҚӘТС I 457; Қалиев 2014: 66). Тайтұяқ/тайтұяқ алтын «аттұяқ алтыннан кішілеуін тай тұяғының үлкендігіндей мөлшерде құйылған тайтұяқ алтын; хандардан қалған салттың бірі жеңген палуанға тайтұяқ алтын тапсыру еді, қазіргі күні халықаралық үлкен күрес жарыстарында осындай сый берілгені белгілі». Қойтұяқ/қойтұяқ алтын «қой тұяғы көлемінде құйылған кесек алтын, бұл алтын түрлері ақша орнына да қолданылған». Алтын сөзі көне және ортағасыр жазба мұраларында: Көне түркі жазба мұраларында «алтын» мағынасынан бөлек «алтын ақша, алтын мәнет» мәндерінде қолданылған (көне және ортағасыр жазба мұраларындағы «ақша» мағынасын ғана көрсеттік): Орхон ескерткіштерінен Күлтегінде алтун «алтын» (Tekin 1998: 97). Көне ұйғыр жазулы ескерткіштерінде алтун «алтын мәнет»: алтмыш алтун алып «алпыс алтын ақша алып» (ДТС 40); алтын йартмақ «алтын жармақ, алтын монета» (EUTS 13).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==