Каржы сауда лексикасы соңғы
83 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ тілге кіріп жатқан сынайлы. Ал жамбы ілу деген ойында өзінің мағынасында айтылады: Жамбы ілу (этн.) «атнен шауын келе жатып, жерден жамбыны алып кету. Жамбыдай теңеуінде де бағалыметалл құймасыекені аңғарылады: Жамбыдай «жамбы тәрізді аса қымбат» (ҚТТС 262). Қазақстанның Батыс говорында «жамбы» мағынасында өзге түркі негізді сөздер де қолданылған, соның ішінде алтынқабақты айтсақ болады: Алтынқабақ (Гур.: Маңғ., Есб.; Орал: Жән., Чап., Қара.) «жамбы»: Тойда алтынқабақ аттырыпты (Гур., Есб.). Бұрын мергендер алтынқабақты атып түсіретін (Орал, Жән.). Тирде алтынқабақ ату жарысы өткізіледі («Маңғ.», 7.11.1955). Дүйсенғали атқышыл, алтынқабақты дәйімшілікке атып түсіреді (Орал, Қара.). Алтынқабақ ату, балуан күресі болады («Ком. жолы», 24.04.1938) (ҚТАС 57). Алтынқабақ сөзі түсіндірме сөздігінде берілген: Алтынқабақ «садақ тартқыш жігіттердің бәсеке сайысы» (ҚТТС 43). Қазақ әдеби тілі сөздігінде алтын қабақ ұғымы алтын жамбының нұсқасы ретінде берілуі де екеуінің бір атау екенін көрсетеді: Алтын жамбы/алтын қабақ «Әртүрлі формадагы алтын құймасы; құйма алтын»: Егер халқыңды жақсы көретін болсаң, оның тәуелсіздігін, бірлігін алтын жамбыдай сақта (І.Есенберлин, Қатерлі.); (көне) той-думанда, мергендік сынасатын ойында нысана етіп тігілетін күміс ақша: Алтын жамбыны әлі ешкім атып түсірген жоқ (Ғ.Мүсірепов, Таңд.). Алтын қабақ атады, Ат бәйгесін шаптырды. Риза қылып халықты, Қуандырып шат қылды (Батырлар жыры); (көне). Жүлдеге күміс ақша тігіліп, мергендік сынасатын ойын, той-думан»: Алтынқaбақ – ұлттық ойын. Мергендік пен ептілікті сынайды (ҚӘТС I 453). Алтынқабақ дегендегі қабақ сөзіне келсек, ол «қақпақ, дөңгелекше, жапырақша» мәніндегі көне түркі мен тілдеріндегі қапақ (ЭСТЯ V 161) сөзі болса керек, салыст.: Көне ұйғыр жазулы мұраларында қапақ «қақпақ» (ДТС 420). Мәмлүк қыпшақ мұраларында қабақ/қапақ «қақпақ» (KıpTS 126).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==