Каржы сауда лексикасы соңғы
82 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Қырғыз халқында жамбы ату ойынының құралдарын келтірген де жөн деп білдік: Жамбы атуу ‒ кыргыздын эзелки элдик оюндарынын биринин аталышы. Учуна 3-4 м. туура жыгач бекитилген 10-15 м. узундуктагы шыргый тикесинен орнотулган. Бийиктиги туура жыгачтын ар кайсы жерине ар түрдүү чоңдуктагы бир же бир нече жамбы атайын илип коюлган. Адатта, мелдеш учурунда атууга ыңгайсыз болсун үчүн, чоң жамбы, эң кичине кыйыкка, кичине жамбыны жазыраак кыйыкка байлашкан. Аларды мыкты мергендер жөө туруп (100 м), атчан (50 м) же чаап баратып атышкан. Жамбы илинген кыйыкты ким кыя атып түшүрсө, жамбыны ошол киши алган. Жамбы атуу башка улуттук оюндар сыяктуу эле чоң аш- тойлордо, салтанаттарда уюштурулган. Жамбы атууда жаа, милтелүү мылтык колдонулган (Қаратаев, Эралиев 2005: 104). Ұйғыр тілінде қытайшадағы тұлғасына жақын вариантында жұмсалады: Ұйғыр т. йамбу «жылқы тұяғы өлшеміндегі құйма күміс ақша»; йамбулуқ «бір жамбы мөлшеріндегі немесе бағасындағы» (YUTS 457). Бұл сөздің түркі тілдерінде де кең таралмауы, тіпті батыстағы қыпшақ тілдерінде мүлде қолданылмауы, Қытайға жақын тілдерде ғана бар болуы оның кірме элемент екенін аңғартады. Жамбы сөзінен «жамбы ату, жамбы ілу» деген ұлттық ойындар атаулары қалыптасқан: Жамбы ату «Биік бағанадағы жамбыны ат үстінен мергендікпен ататын спорт ойыны. Ойында атқа салт мінген қатысушы шапқан аттың екпінімен өтіп бара жатып, жоғарыға ілінген жамбыны атып түсіру керек болған. Шартты орындай алмаған ойыншы ұтылған болып саналады. Ойын күрделенген сайын, жамбылар көлемі кішірейіп, қозғалыс қарқыны артады. Жамбы ату ойынын көшпенділер жауынгерлердің мергендік қабілетін жетілдіру үшін қолданған. Оның басты мақсаты біріншіден, әскери-жауынгерлік дайындықты жетілдіру, екіншіден, ел арасындағы мерген садақшыларды анықтау, үшіншіден, сыналған мергендерден арнайы топ құрып, соғыста күштік құрлым ретінде пайдаланған». Жамбы ату ойынында бұрынғы жамбы емес, нысана шеңбер қолданылып жүргені аян, сол себепті оның нысан мағынасы да
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==