Каржы сауда лексикасы соңғы

81 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Алайда орыс энциклопедиялық сөздікте оның түбі қытай ұғымы екені айтылған: « Ямб или ямба (кит. трад. 元寶 , упр. 元宝 yamboo или yambu) ‒ русское название слитков серебра, обращавшихся в Китае до денежной реформы 1933 г. Они бывали разных размеров чаще всего в 50 лян весом (то есть около 1875 граммов). Ямбы имели вид китайских башмаков; они могли разрезаться на части для мелких платежей. Изготовлением и выпуском ямбов занимались частные банкиры и менялы. В ограниченной степени ямбы обращались и в сопредельных с Китаем регионах. В частности, они были довольно распространены в Киргизии XIX века, где они использовались для особо крупных транзакций, торговли с Китаем, и как объект тезаврации» (Ямб, слиток серебра//Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона). Юдахин де қырғыз тіліндегі жамбыны қытай тілінің элементі деп белгілеген: Жамбы (кит.) (уст.) «слитки серебра (различной формы и веса, употреблявшиеся в Китае в качестве денег)» (Юдахин 1985: 225). Қырғыз тілінің этнографиялық сөздігінде сөздің қытайша екені айтылып, төмендегідей талдаулар келтіріген: «Жамбы (кытайча юан – уюткан, бао – баалуу) ‒ койдун, жылкынын ж.б. малдын туягынын формасындагы ар түрдүү көлөмдө жана ар кандай салмакта уютулган күмүш. Айрым даректерде «ям бао» деп да аталып жүрөт. Кытай бийликтери тарабынан (өзгөчө, Циндик Кытайдын тушунда, 1644-1912-жж.) көчмөн элдер менен болгон соода үчүн атайын киргизилген акча бирдиги катары кабыл алынган. Жамбы 18-к. кийин кенен тарала баштаган. Кыргыздар аны уютулуп жасалган формасына карата «бөйрөк», «туяк», «тай туяк» деп аташкан» (Қаратаев, Эралиев 2005: 104). Сонымен, жамбы сөзі қытай тілінен ертерек дәуірлерде енген, қазір тек қырғыз бен ұйғыр тілдерінде ғана «күміс, алтын құйма» мағынасында архаизм болып тіркелген, мәселен: Қырғыз т. жамбы «күміс құймасы; қымбат металдардың жалпы атауы; жамбы ату ойынында қолданылған жамбы»: бүйрөк жамбы «бүйрек түріндегі күміс құймасы»; кара кулак жамбы «көлемі үлкендеу жамбы»; жамбы атмай/жамбы атышмай «жамбы ату»; жамбылық «бір жамбы құнындағы баға»: жамбылык ат «жамбы құнындағы ат» (КРС I 225).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==