Каржы сауда лексикасы соңғы
80 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Мұндағы шым, шымқай сөздерін туыстас қырғыз тілінен кездестіруге болады: қырғыз тілінде чым, чымқый сөздері «таза, бірыңғай» ұғымын аңғартады: чым ак «аппақ», чымкий ақ «аппақ» (КРС 886). Алтынның өлшеміне қатысты түрлерінің бәрі қазақы дүниетанымға, өмір салтына байланысты жасалған: Түйме алтын/түйме «түйменің үлкендігіндей алтын кесегі, кішірек жамбы алтын» (ҚӘТС I 459). Зергер барсаң қасында Алтыннан соққан түйме бар, Түймені көр де басым көр (Ер Тарғын). Ат басындай алтын (фольк.) «құймасы әуелде жылқы басының түрінде құйылған, тұяқ көлемінен үлкендеу алтын». Ауыз әдебиет үлгілерінде ат басындай алтын деген жиі тіркес кездеседі және оны халықтық өлшем ретінде түсіндіріледі. Мәні – көлемді, үлкен алтын дегенді білдіреді. Ал аттың бас терісінен бітеу сойылып, талыс тәрізді етіп жасалған ыдысқа алтын бұйымдарды салып өлшейтін жуық өлшем ретінде алынады. Жамбы (алтын жамбы) «әртүрлі формада (тай, тайынша, қой тұяғындай) құйылған, салмағы әрқалай ақша орнына жүрген таза, сом алтын не күміс; ойын, тойларда мергендер атын түсіру үшін тігілетін сом күміс не алтын». Жамбының келесі тіркесте алтынмен бірге қолданылғаны оның бұл сөзбен байланыстығын растайды: Бүйіріне алтын, жамбы салғандай (ҚХР) «қанағат сезімінде болу, шүкіршілік ету» (ҚТАС 163). Жамбасына алтын жамбы салып жатқандай (ҚХР) «кенелу, молшылыққа кенелу» (ҚТАС 232). Журналист, зерттеуші Бекен Қайратұлы жамбы сөзін кеңірек тарқатып, көне түркі деп анықтайды: «Жамбыдегеніміз–көне түріктілінде«ямбу»яғни, құймалыалтын немесе күміс дегенді білдіреді. Бағалы заттардан жасалған құнды бұйымдар да жамбы саналады. Мал тұяғы мүсіндес болғандықтан тайтұяқ, қойтұяқ, аттұяқ, асық жамбы, бесік жамбы, түйекөз жамбы, қойбас жамбы т.б. деп бөледі. Таза ақ күмістен жасалған болса ақ жамбы, алтыннан жасалса алтын жамбы дейді» (Б.Қайратұлы. https://egemen.kz/article/zhamby-atu-dgauyngerlik-oner).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==