Каржы сауда лексикасы соңғы
8 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ ортақ төл сөздер қамтылған. Тілдегі белсенді сөздердің мағыналық жағынан өзгеру тарихы қарастырылып, олардың түп-төркіні жайында тұжырымдар айтылды. Кітапты жазу барысында түрлі тарихи дерекккөздер мен түркі тілдері сөздіктерінен тақырыпқа қатысты лексика жиналып, са лыстырылып зерттелді. Бұл зерттеу еңбегіне негізінен көне және ортағасыр түркі жазба ескерткіштерінен бастап, қазіргі түркі тілдерінде қолданылып келе жатқан қаржы-экономика саласы терминдері мен сөздері арқау болып отыр. Кітапқа енген қазақ тіліндегі жекелеген қаржы-экономика атауларының түпкі мағынасы мен этимологиясы түркі тілдері деректері негізінде талданады. Зерттеу барысында түркі тілдеріндегі бүкіл қаржы-экономика лексикасын тұтас қамту мүмкін емес. Сол себепті негізінен көптеген түркі тілдеріне ортақ әрі қазақ тілінде де бар төл атауларды зерттеу көзделді. Түркі тілдерінің тілдік деректерін салыстыра, салғастыра талдау нәтижесінде туыстас тілдерге ортақ қаржы-экономика лексикасы ның алғашқы тарихи-салыстырмалы сөздігі ұсынылып отыр.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==