Каржы сауда лексикасы соңғы
9 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ «МАЛ-МҮЛІК» МАҒЫНАСЫНДАҒЫ СӨЗДЕР Әлемде ақша ретінде жұмсалған ең алғашқы тауар «мал» екен дігі айтылады. Сол себепті байлық, ақшаны білдіретін сөздердің көбінің о бастағы мағынасы «мал, түлік» боп шығады. Мәселен, латын тілінде pecunia «әл-ауқат, материалдық жағдай; ақша, тиын», pecuniosus «бай, ауқатты» деген сөздер негізінде «мал» мағынасындағы pecus сөзінен шыққан. Осындай ұқсас құбылыс герман тілдерінде де бар: гот т. skattus «мал; мүлік»; англосаксон т. skat (орысша скот) «мал; әл-ауқат, молшылық; ақша, монета»; неміс т. schatz «мал; қазына, бағалы тастар, алтын», көне орыс т. скот «мүлік; ақша». Словен, хорват, серб тілд. благо «мал; мүлік». Беларус т. статок сөзі «скот, стадо сөздерінің вариант синонимі. «Мал» мағынасындағы статок сөзінен орыс т. достаток , поляк т. dostatek ұғымдары да шыққан (Преображенский ЭСРЯ II 310; Фасмер ЭСРЯ III 655). Орыс тіліндегі түркі тілдерінен енген товар сөзінің тварь деген фонетикалық варианты да «жануар, мал» мағынасында қолданылуынан жоғарыдағы құбылысты аңғаруға болады. Сол сияқты түркі тілдерінде «мал» мағынасындағы сөздер «ақша, байлық» мәндеріне ие болған. Төменде келтірілетін тауар, ед, барым, мал сөздері осындай мағыналарда қолданылады. Тауар «мал, мүлік, дүние, зат, мата; тауар, өнім»: Қазақ тіліндегі «зат, өнім» мағынасындағы тауар сөзі орыс тіліндегі товар сөзінен алынғаны айтылады. Бір жағынан, бұл қате ақпарат емес. Тура осы «зат, өнім» дегенді білдіретін тауар варианты орысша товар формасынан қазақ тілінің айтылым заңына сәйкес өзгертіліп алынған. Ал орысшадағы товар терминінің өзі түркі тілдерінен алынып, біздің тілге қайтып кірген. Нақтырақ айтқанда, тауар атауы бұрын көне түркі тілінде «ұсақ мал» мағынасында қолданылып, бұрынғы уақыттарда славян тілдеріне кірген, сосын ол сөз бізге товар болып қайта айналып келген. Тавар/табар/тауар түрінде жазылған бұл сөз ең алғаш көне түр кі жазба ескерткіштерінде қолданылған, оның ең бірінші мағынасы «мал, қой-ешкі, ұсақ мал» болған. Ертеде «мал» ақша құралы ретінде
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==