Каржы сауда лексикасы соңғы

10 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ қолданылғандықтан, ол сөз сол кездің өзінде «мүлік, дүние; байлық; сауда құралы; қытай матасы» деген мәнді білдіре бастады. Мысалы: таварлығ туынды формасы «бай, ауқатты» деген мағынаны білдірген болса, таварлуқ термині «қазынашы» дегенді, ал та­ варсақ сөзі «дүниеқоңыз» (ДТС 542) мағынасын білдірген. Он бірінші ғасырдың құнды жәдігері Махмұт Қашқаридың Диуани лұғат ат-түрк ескерткішінде тауар сөзі тек «тауар, мал- мүлік, байлық» мағынасында қолданылып, оның «мал» деген бірінші мағынасы ұмытыла бастады. Тіпті Таму қапуғын тауар ачар «Байлық (ақша) тамұқтың есігін де ашар» деген мақалда сол екінші мағынасы аңғарылады. Жәдігерде сонымен бірге тауар тер-, тауар йығ- сөз тіркестері «дүние жию, ақша жинау» (Ercilasun, Akkoyunlu 2015: 863) мағынасында тіркелген. Тауарчы сөзі болса «жүк тасушы, тауар апарушы» деп тіркелген: Таз ат тауарчы болмас «Таз ат тауаршы бола алмас» (Ercilasun, Akkoyunlu 2015: 408). Қазіргі түркі тілдерінде болса екі түрлі фонетикалық нұсқада қолданылады. Орыс тілі арқылы қайта айналып келген товар сөзі «зат, өнім, мүлік» мағынасында неологизм болса, «мал» мағынасындағы тувар/тавар деген варианттары ертеден қолданылып келе жатқан төл көне сөз болып саналады. Мәселен, қырғыз тілінде тубар атауы «қытай матасы, жібек» мағынасында сақталған болса, тобар нұсқасы «тері өнімі» (КРС 187) дегенді білдіреді. Ұйғыр тілінде де тавардың «жібек мата» (YUTS 394) деген мағынасы әлі күнге дейін бар. Ең көне және жырақта қалған тілдер саналатын чуваш пен сахада да бұл сөздің сол мағынасы бүгінге дейін сақталып отыр: чуваш т. тавар «иленген тері; мата» (ЧувРС 430); якут т. табаар «мата, бөз» (ЯРС 372). Батыстағы қыпшақ тілдерінде тек көне «мал» деген семанти­ касы сақталған. Мысалы, ноғай, құмық, қарайым, қырым татар тілдерінде: тувар «мал, түлік» (НРС 363); қара тувар «қара мал»; тувар базар «мал базары»; туварчы «малшы, бақташы» (КумРС 307); балқар т. тууар «ірі қара мал»; татар т. туар : мал-туар «мал- жануар»; Туар булса тун булыр, бодай булса он булыр (мақал) «Мал болса тон болар, бидай болса ұн болар» (ТатРС 916); Башқұрт т. туғар: мал-туғар «мал-жандық» (БТҺ 167). Батыстағы оғыздар тілінде тек «ұсақ мал, қой-ешкі, ешкі» деген мағынасында ғана сақталған: түрікмен т. довар «ұсақ мал, қой-

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==