Каржы сауда лексикасы соңғы
11 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ ешкі»: бир сүри довар «бір отар қой»; доварчы «шопан, қойшы»; доварчылық «қой шаруашылығы» (ТРС 274); түрік т. davar «ешкі»; davar sürüsü «ешкі отары» (ТурРС 210); әзербайжан т. давар : мал- давар «ұсақ мал» (АзРС 94). А.Поцелуевский, Н.Елкина, М.Рясянен секілді этимолог ға лымдар тавардың «туу» мағынасындағы тоғ - етістігінен жасалғанын алға тартады: тоғ-ар = тов-ар = тав-ар (ЭСТЯ ІІІ 116). Расында мұндай тұжырымның жөні бар, қыпшақ тілдеріндегі туғар, тубар, тувар, тууар деген варианттардың қолданылуы бұл этимологияға әбден дәлел бола алады. «Сравнительная грамматика тюркских языков (лексика)» кітабының авторлары тавар сөзінің түбі тап - етістігі деп атап көрсетіп, қыпшақ тілдеріндегі мал тап- (мал табу – «ақша табу»), тапқан мал, табыс, тапқан олжа мысалдарын дәлел ретінде береді (СИГТЯ 328). Сонда бұл тұжырымға сәйкес, қазіргі күні жиі айтылатын табыс терминінің өзі мал табу (ақша тап) дегеннен келіп отыр. Ғалымдар сөзді туу және табу деген екі түрлі етістікпен байланыстырса да екі сөздің де түпкі мағынасы бір екендігі аңғарылады. Өйткені түптеп келгенде «табу» да негізі «туу» дегенді білдіреді, мысалы «бала тап» дегенде сол мағынасы (бала туу) шығады. Ф.Миклошич, Ф.Корш, М.Фасмер секілді түркітанушы және славянист ғалымдар орыс тіліндегі товар сөзінің көне түркі тілінен алынғанын тұжырымдайды (ЭСТЯ ІІІ 117). Тіпті товарищ терминінің өзі осымен байланысты: тавар (зат) + еш (дос). Ресей ғалымдарының өзі оны жасырмайды: «Слово «товарищ» появилось в русском языке в ХIV веке. По своему происхождению оно являлось заимствованием сочетания tavar + is из древних тюркских языков и означало «соучастник, компаньон в торговле», что и было первоначальным значением русского слова товарищ. Товарищ – тот, кто с тобой в одном «товаре», т.е. в торговой поездке, временный друг. Заимствование этого слова древнерусским языком свидетельствует о древних торговых связях Руси с тюркскими народами» (Выходцева 2014: 17 ). Сонымен қолда бар деректер негізінде о бастағы «мал» мағынасындағы тауар сөзінің «мүлік, дүние, зат» деген ма
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==