Каржы сауда лексикасы соңғы

12 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ ғыналарына ерте дәуірде де ауысқанын көруге болады. Қазіргі түркі тілдерінде көбіне кейінгі cемасында жұмсалып, бұрынғы «ұсақ мал» деген мағынасы ұмытыла бастаған. Өйткені қазақ және басқа түркі тілдерінде орыс тілінен қайта айналып келген товар сөзі белсенді қолданысқа кірген. Сөйтіп ескі «мал» мағынасындағы тавар сөзі ұмытыла бастаған, тіпті қазақ тілінде ондай нұсқа сақталмаған. Әлемде ақша ретінде жұмсалған ең алғашқы тауар «мал» екендігі айтылады. Сол себепті байлық, ақшаны білдіретін сөздердің көбі о баста «мал, түлік» дегенді білдірген. Мәселен, латын тілінде pecunia «әл-ауқат, материалдық жағдай; ақша, тиын», pecuniosus «бай, ауқатты» деген сөздер негізінде «мал» мағынасындағы pecus сөзінен шыққан. Осындай ұқсас құбылыс герман тілдерінде де бар: гот т. skattus «мал; мүлік»; англосаксон т. skat (орысша скот) «мал; әл-ауқат, молшылық; ақша, монета»; неміс т. schatz «мал; қазына, бағалы тастар, алтын», көне орыс т. скот «мүлік; ақша». Словен, хорват, серб тілд. благо «мал; мүлік». Беларус т. статок сөзі «скот, стадо» сөздерінің синонимi. «Мал» мағынасындағы статок сөзінен орыс т. достаток , поляк т. dostatek ұғымдары да шыққан. Тура осылай «мал» сөзі де ауыспалы мағынаға ие болып «дүние, ақша, байлық» дегенді білдірген. Қазіргі қазақ тілінде тікелей айтылмаса да өлең, жырларда, тұрақты тіркестер мен мақал-мә­ телдерде сол мағынасы айқын аңғарылады. Мәселен, Абайда мал сөзі тек «ақша» деген мағынада қолданылады: Дүние де өзі, мал да өзі / Ғылымға көңіл берсеңіз... Адал бол бай тап / Адам бол, мал тап... Өсек өтірік мақтаншақ / Еріншек бекер мал шашпақ, т.б. Ед «мал-мүлік, дүние, дәулет, қазына»: Қазақ тіліндегі ізгі , көне түркі тілінде едгу сөзінің түбірі деп есептелетін ед сөзі көне ескерткіштерде жеке сөз болып қолданылғанымен қазіргі түркі тілдерінде кең таралмаған: Көне ұйғыр жазулы мұраларында ед «мал-мүлік, байлық, жиналған дүние, дәулет»: қамғақ барир тег един кетти «қаңбақтың ұшып кеткеніндей байлығың да кетті»; ед-тавар «сол мағ.» (қос сөз): улуғ елиг бег балықынта улусынта үлгүсүз сансыз еди-тавары бар

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==