Каржы сауда лексикасы соңғы
13 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ «ұлы ел бегінің қала, ұлысында сансыз байлық бар»; eд-йол «құт- байлық» (ДТС 162). Қарахан дәуірі жәдігерлерінен Құтты білікте ед «байлық, дәулет»: Бу өдте азун өз өзиге бақып / Кевенип севүніп едиңе бақып «Бұл кезде жер өз өзіне қарады, күйініп сүйініп байлығына қарады» (ДТС 162). Махмұт Қашқаридың Диуани лұғатит түрк атты ескерткішінде ед «зат, дүние, мүлік, дәулет, игілік»: едгү ед «игі дүние» (МҚ I 79). Қазіргі түркі тілдерінен тек сібір халықтары тілдерінде ғана сақталған: Тува т. эт «мүлік, меншік, зат; иленген тері»; эт-мал «мал- мүлік, дәулет; мал»; эт-малдығ «малды, бай, дәулетті»; эт-хөреңги «мүлік»; эт-сеп «түрлі заттар» (ТувРС 620); хакас т. ис «мүлік, дүние, байлық» (ХРС 63); койбал және сағай диалектілерінде ис «сол мағ» (Радлов I 1525); қарағас т. ий «сол мағ.» (ЭСТЯ I 329); шор т. ес «қыз әшейкейлері» (Радлов I 870). Моңғол, халка, бурят, калмақ тілдеріндегі эд «зат; мата; мүлік; тауар» (ЭСМЯ I 207); қалмақ т. ед-тавр «өнім, тауар»; бурят т. ед- баран/ед-товар «тауарлар» (ССТМЯ II 469). Көне түркі тіліндегі едгү «игілік», иди «ие» және қазақ тіліндегі ізгі/игі/игілік; ие/еге сөздерінің түбірі ед/із/и (ЭСТЯ I 330) сөзі осымен байланысты екені белгілі. Барым «мал, мүлік, байлық, дәулет, қазына»: Қазақ тілінде бұл сөз баранды тұлғасында әрі үйлі-баранды қос сөзінде сақталған. Қазақ говорларындағы (Алм.: Кег.; Шығ. Қаз.: Тарб, Зайс) «ауқатты, дәулетті» мағынасындағы бардам сөзі де осымен байланысты: Бұрын бардам адамдар ғана егін салдырган (Алм., Кег.). Ол бұрын бардам адам болған (Шығ. Қаз, Тарб.). Бардамырақ бір кісі қайтыс болған екен (Шығ.Қаз., Тарб.) (ҚТАС 125). Қазақ әдеби тілінде барым деп тәуелденіп келіп, «байлығым, қазынам, мүлкім, дүнием» дегенді де білдіретіні аян. Баршылық формасы да «молшылық, байлық» мағынасында қолданылады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==