Каржы сауда лексикасы соңғы
14 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Бұлсөзкөнетүркіжазбаларында барым формасындақолданылған: Күлтегін ескерткішінде барым «мүлік»; салыст.: барқ «үй, қоныс; там; мазар» (Tekin 1998: 99); еб-барым «үй, үй-жай» (ДТС 162) Көне ұйғыр жазулы мұраларында барым «мал, түлік; мүлік»; ағы- барым «дәулет, байлық» (ДТС 17); барқ «байлық, қазына, мүлік» (Gabain 1988: 266). Орта ғасыр мұраларында сол түбірден жасалған басқа сөздер кездеседі: Қарахан дәуірінің құнды жәдігері Диуани лұғатит түркте барлығ «бай, ауқатты» (МҚ 633/10) (ДТС 84); барқ «мүлік; үй»: ев-барқ «үй- жай» (Atalay IV 1999: 70). Құтты білікте барқ «үй-жай; мүлік» (Arat 1979: 4536). Қыпшақ мұрасы Кодекс куманикуста барлу киши «бай адам» (Gronbech 1992: 25). Қазіргі түркі тілдерінде де «барым» сөзінің түбірі саналатын «бар» сөзінен жасалған әрі жоғарыдағы мағынаға жақын сөздер жұмсалады: Қырғыз т. барлық «байлық, ауқаттылық»: барлық менен жоқ туқтун қадырын билген «баршылық пен жоқшылықтың қадірін білген»; бардам/бардар «ауқатты; әлді; дәулетті; күйлі; малды» (КРС I 110; 111); ноғай т. барлық «молшылық, материалды игілік, ауқаттылық, байлық»: Барлық сүйістірер, йоқлығ түйістірер (НРС 70); татар т. барлы «ауқатты», барлы кіші «бай адам»; барлық «молшылық, байлық»: барлык белән яшиләр «молшылықта өмір сүреді» (ТатРС 81); башқұрт т. диал. барман/барем «байлық» (БҺҺ II 40); қарайым т. барлы «ауқатты»; барлық «әл-ауқат, материалдық жағдай» (КРПС 103); қырым татар т. барлық «байлық, әл-ауқат, материалдық жағдай»; барлықлы «бай, ауқатты» (КТРС 345); құмық т. барлы «бай, күйлі, дәулетті»: Қышы қарлы болса, йайы барлы болур «Қыс қарлы болса жазда күйлі боласың»; барлық «байлық, дәулет»: барлығындан мақтанмақ «байлығымен мақтану» (КумРС 45). Ұйғыр т. барлиқ «материалдық күй, жағдай, әл-ауқат» (YUTS 30). Әзербайжан т. вар «мүлік, әл-ауқат»; варлылық «әл-ауқаттылық, материалдық жай-күй»; (АзРС 64); әзербайжан т. диал. барын - «олжаға кенелу, пайда табу, баю» (АDDL 40); түрік тілінде varlı/
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==