Каржы сауда лексикасы соңғы

15 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ varlıklı «бай, ауқатты»; varlık «байлық, ауқаттылық»: Varlığa darlık olmaz «Байлыққа таршылық болмас» (ТурРС 894); салыст.: bark: ev-bark «үй-жай, мал-жан, дүние-мүлік» (TS 202); гагауз т. варлы/ варлықлы «бай, жағдайы бар»; варлық «байлық, қазына, әл-ауқат» (ГРМС 103); түрікмен т. барлы «бай, ауқатты»: Барлының базары йанында «Байдың базары жанында»; барлылық «молшылық, байлық» (ТРС 72). Хакас т. пардам «әл-ауқат, байлық»; пардам чуртапча «ауқатты тұрады»; пардам қызы «бай адам, ауқатты кісі»; хазына пардамы «мемлекет қазынасы»; параан «төр, бағалы заттар сақталатын сандықтың орны» (ХРС 143). Тува т. бараан «тауар»; бардам «тәкаппар, менменшіл» (ТувРС 90; 91); алтай т. диал. пара «қожалық, иелік» (Радлов IV 1147). Якут т. бараан (арх.) «үйдің іші, ішкі көрінісі» (ЯРС 63). Моңғол т. бараға «мал,түлік»; моңғол жазу тілінде бараған ; халка және бурят т. бараан ; қалмақ т. баран «мүлік, үй үшін қажет заттар; мата; тауар; төр; үйдің қымбат заттары» (ЭСМЯ I 76). Мажар т. баром «мал» (СГТЯЛ 326). Түркі тілдері этимологиялық сөздігінің авторлары барым, барқ сөздерінің түп төркіні бар (бәрі, барлық сөздері осыдан шыққан) екенін дәлелдеп көрсетеді. Бар сөзінің өзі бай (бар-лық=бай- лық, барлы = бай) тұлғасымен төркіндес болып шығуын да жоққа шығармайды (ЭСТЯ II 62-63). «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы (лексика)» кітабының авторлары да «барым»-ның о баста «мүлік; мал» мағынасындағы бар сөзінен жасалғанын алға тартады (СГТЯЛ 326). Мал «мүлік, тауар, зат, қазына; мал-дүние; мал». Мал сөзі араб тілінен ауысқан деп айтылса да оның көне түркі ескерткіштерінде қолданылғаны назар аудартады: Көне ұйғыр жазулы мұраларында мал «мүлік, қазына, жиған- терген, дүние; тауар, зат»: қул ол малға, малы аңар ерклиг ол «ол өз дүниесінің құлы, дүниесі оны басқарады» (ДТС 335). Қарахан дәуірі жазба мұраларынан Құтты білікте мал «байлық»: азун малы қут қыв булур өз ону «ол өзінің байлық, құт, бақыт үлесін алады» (ДТС 335). Хорезм дәуірі жазба жәдігерлерінен Құл Алинің Қиссасүл Йусуфында мал сөзі «ақша, байлық» мағынасында жұмсалған:

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==