Каржы сауда лексикасы соңғы
16 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ «В поэме собирательный термин мал (в значений деньги) встречается очень часто. Когда термином мал обозначается богатсва вообще, то он обычно употребляется с другими словами как мал- мүлкет; мал-хазина » (Мухамадиев 1983: 38). Мәмлүк қыпшақ ескерткіші Китабу межмуда маллы «бай»; малсыз «кедей» (Құрышжанов 1970: 171). Қазіргі түркі тілдерінен қыпшақ, сібір түркілері тілдерінде «мал» мағынасында актив жұмсалса, оғыз, қарлұқ (өзбек) және кейбір қыпшақ (құмық, қырым татар, қарашай, қарайым) тілдерінде «мүлік» мағыналарында белсенді қолданылады: Қырғыз т. мал «мал, үй хайуандары (бірінші мағынасы актив); байлық, дүние, ақша»: Малды көрүп, байғамбар жолдон чығыптыр (мақал) (КРС II 14); ноғай т. мал «мал, төрт түлік мал; байлық»: Атасы бирдиң малы бир, анасы бирдиң йаны (жаны) бир (НРС 123); татар т. мал «мал, түлік; дүние, мүлік, байлық»: Байны мал басар, ярлыны бала басар (мақал); Мал колыннан үсә, акча тиеннән җыела «Мал құлыннан өссе, ақша тиыннан жиылады»; Байның малы йарлының қаны «Байдың малы, жарлының қаны» (ТатРС 591); башқұрт т. мал «мал, үй хайуаны, түлік; мүлік, зат, байлық» (БТҺ I 782); құмық т. мал «мүлік, зат, тауар, байлық, қазына» (КумРС 204); қарайым т. мал «тауар; мүлік, дүние, зат» (КРПС 402); қырым татар т. мал «сол мағ.» (КРПС 441). Ұйғыр т. мал «мал, түлік (осы мағынасы белсенді); тауар, мүлік» (YUTS 260); өзбек т. мол «тауар, зат, мүлік; мал»: мол-мулк «мал- мүлік» (УРС 269). Әзербайжан т. мал «тауар; мүлік; әл-ауқат, байлық, қазына; меншік, иелік» (АзРС 197); гагауз т. мал «мүлік, қазына, байлық, ақша» (ГРМС 324); түрікмен т. мал «мал, түлік, жандық; тауар, меншік, мүлік, дүние»: Башы сағың малы түкел «Басы аманның малы аман» (ТРС 440). Түрік т. mal «мүлік, зат, ақша, тауар» (ТурРС 600): Mal malı çeker (мақал) «Ақша ақшаны тартады»; Sen işlersen mal işler, insan öyle genişler «Сен жұмыс істесең, мүлкің де жұмыс істейді, адам солай өсіп-өркендейді»; Mal müşteriye göre satılır «Зат сатып алушыға қарай сатылады»; Mal satmayıp da pişman olacağına, sat da pişman ol «Тауар сатпай өкінгенше, сатып өкін»; Çok mal haramsız, çok laf yalansız olmaz «Көп дүние харамсыз, көп сөз жалғансыз болмас».
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==