Каржы сауда лексикасы соңғы
17 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Алтай т. мал/мал-аш «мал, түлік» (АРС 459); тува т. мал «мал, үй түліктері» (Татаринцев IV 2008: 361); хакас т. мал «сол мағ» (ХРС 101); сары ұйғыр т. мал «сол мағ.» (Малов 1957: 74); шор т. мал «мал»: мал-куш «мал-құс, үй жануарлары» (ШРС 32). Чуваш т. мул «ақша; қазына; байлық; мүлік»; муллан - «ақша жұмсау»; мулла «бай, ақшалы» (Федотов I 1996: 361); якут т. мал «тауар, зат, мүлік» (ЯРС 234). Моңғол, халка, бурят, қалмақ тілд. мал «мал, түлік»; мангуор т. мар «сол мағ.» (ЭСМЯ II 158). Бір топ ғалым мал сөзінің араб-парсы элементі екенін айтады. Бірақ С.Малов «мал, түлік» мағынасындағы мал сөзінің арабшадан келуіне күмәнмен қарайды (Малов 1957: 74). «Моңғол тілдері этимологиялық сөздігінің» авторлары да сөздің араб тілінен енгеніне байланысты әлі де ойлану керектігін жазады: «Общепринято считать это слово по происхождению арабским mal «имущество, товар, деньги» что, видимо, нельзя признать окончательно установленным» (ЭСМЯ II 158). Енді мал сөзі көне түркі тілінде «тауар, зат, мүлік» мағынасында қолданылған, қазіргі түркі тілдерінің көбінде де негізінен осы семада белсенді жұмсалады. Моңғол тілдеріне келсек мұнда керісінше «мал, түлік» мәнінде көбірек айтылады. Соған қарағанда оның «мал» мағынасы моңғолшадан, ал «тауар» мәні арабшадан келуі мүмкін дейміз. Өйткені моңғол тілінен әлдеқайда көп сөз алынған тува, тофалар, хакас, шор тілдерінде тек «мал» мәнінде жұмсалады (Татаринцев IV 2008: 361). Ал араб-парсы тілдерінен әлдеқайда көп сөз алған оғыз тілдерінде оның араб тіліндегідей «тауар, мүлік, зат» семасы басымырақ екені айқын. Мал сөзінің көне түркі дәуірінен бастап, якут, чуваш, тува, хакас, сары ұйғырға дейін қазіргі түркі тілдерінің барлығында қолданылуы, тіпті моңғолшада сақталуы, түркі тілдерінде оның малшы, малшылық, малдану, малды (бай), малсыз (кедей), малсыздық «кедейлік», мал-жан, мал-бас сияқты туынды формаларының да кең таралуы оның арабшадан келуіне күмәнмен қарауға мәжбүр етеді. Соған қарағанда түбі моңғол, түркі, араб, парсыға ортақ көне сөздердің бірі болуы мүмкін. Мата «мақта мен жүннен тоқылған бұл, кездеме (кей қыпшақ тілдерінде, мал, дүние, байлық мағынасында)»:
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==