Каржы сауда лексикасы соңғы
18 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Араб тiліндегі متاع мата’ сөзі «зат, бұйым, тауар, дүние» деген мағынаны білдіреді. Қазақ тіліне осы тілден кіріп, өзгеше яғни «кездеме» дегенмағынаға ие болған.Мақал-мәтелдерде де айтылады: Ата даңқымен қыз өтер / Мата даңқымен бөз өтер. Матаның қымбат, бағалығына қарай асыл мата, жібек мата, қалам мата деген түрлері бар. Кей тілдерде араб тіліндегі мағынасы сақталуымен бірге «мал, дүние, байлық» деген мағыналарға да ие болған, мәселен: Құмық т. матағ «үй заттары, мүлік; дүние, байлық» (КумРС 207). Ноғай тілінде «қымбат» деген мәнге ие: Ноғай т. мата «өте қымбат, асыл» (НРС 217). Түрік тілінде «тауар және дүние, асыл зат, қазына тастар, бағалы заттар» деген мағынасына ауысқан: Түрік т. matah «товар; добро; сокровище» (ТурРС 607). Өзге тілдерде тек «мата» мағынасында қолданылады: Қарақалпақ т. мата «мақта мата» (КкРС 448); қырғыз т. мата: Макал атасы сөз, мата атасы бөз (КРС II 20); татар т. маты «циновка, мат» (ТатРС 599); татар т. диал. мата «тоқыма» (БДСТЯ 469); башқұрт т. (арх.) мата «мамық тоқыма» (БТҺ I 790). Ұйғыр т. мата «жібек немесе мақтадан тігілген мата» (YUTS 262); өзбек т. мата «мақта мата» (УРС 257). Түрікмен т. мата «матар, материал, мақта мата» (ТРС 444). Татар тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде (диалек тологиялық сөздіктерінде де) татарша маты «грубая ткань, циновка» сөзі парсынікі деп көрсетілген (Ахметянов 2001: 141). Бұл сөздің орыс тіліне де кіргені белгілі, Фасмер оны қазақ тілінен кірген болуы мүмкін деп жазады: «Мата «хлопчатобумажная, льняная ткань», через казахское мата или прямо из калмыкского мата (тоже) китайского происхождения» (ЭСРЯ Фасмер II 580). Өлүг «мүлік, жылжымалы мүлік». Қазақ тілінде бұл сөз өлі бұйым деп айтылады: Өлі бұйым «үйдегі дүние-мүлік» (ҚТТС 652). Көне ұйғыр жазулы мұраларынан Оғызнамеде өлүг барғу «мүлік, жылжымалы мүлік» (ДТС 384; Щербак 1959: 40). Қырғыз т. өлү буюмдар (арх.) «жылжымалы мүлік»; өлү дүнүйө «дүние, мал-дүние» (КРС II 93).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==