Каржы сауда лексикасы соңғы
19 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Өзбек т. улик «бисотда сакланадиган, ишлатилмаган мол, маблағ (сандықта сақталған, қолданылмайтын мүлік, тауар)»; улик мол «сол мағ.» (УТИЛ II 503); ұйғыр т. өлүк мал «жылжымалы мүлік» (YUTS 305). Алтай т. өлү мал «жылжымалы мүлік; дүние, ақша» (Вербицкий 1884: 198); салыст.: тириг мал «жылжымайтын мүлік» (Будагов I 199). Моңғол т. өлүг «дүние, мүлік, зат, тауар, жылжымайтын мүлік» (Lessing 1960: 634a); халка т. ɵлɵг «что-либо физическое, телесное, не подвергшееся обработке (например, кожа в сыром виде); (ЭСМЯ II 223); қалмақ т. өле «үй мүлігі»; өлгед «сол мағ.» (СГТЯЛ 329). Ен «меншікті білдіретін белгі, таңба». Қазақ говорларында енеу деген етістік те «ен салу» мағынасында жұмсалады (Аманжолов 1959: 374). Мұндай форма өзге түркі тілдерінде кездеспейді. Көне түркі ескерткіштерінде ен сөзі кездеспейді, тек енә - етістігі қолданылған. Мысалы Диуани лұғатит түркте енә - «ен салу»: Ол қойын енәди «ол қойға ен салды» (МҚ III 256). Орта ғасыр жазба мұраларынан Мәмлүк қыпшақ ескерткішінде жеке сөз болып жұмсалған, мысалы Китабүл Идрақта ин «ен» (Caferoğlu 1931: 39). Түркі тілдерінде ен формасында кездессе, моңғол және кейбір сібір түркі тілдерінде им тұлғасында ұшырасады: Қырғыз т. эн «мал, түліктің (түйеден басқа) құлағындағы мен шікті білдіретін белгі, ен» (КРС II 454); қарақалпақ т. ен «сол мағ.» (КкРС); ноғай т. ен «сол мағ.»: ен салу (НРС 435); башқұрт т. ин «сол мағ.»: ин һалыу «ен салу» (БТҺ I 381). Ұйғыр т. ен «малдың құлағын тіліп салынатын белгі, ен»: ен салмақ «ен салу» (YUTS 113); өзбек т. эн «матаның кесіндісі, материалдың бір бөлігі»: эн солмоқ «қонаққа келген адамға берілетін мата кесіндісі, орамал, жаулық» (УРС 604); Түрік т. en «тавро, клеймо для скота» (ТурРС 272); әзербайжан т. диал. ен «ен, таңба, қара малдың құлағына салынатын белгі» (AZDL 151). Хакас т. ин «белгі, таңба, ен» (ХРС 59); тува т. им «үй жануар ларындағы белгі, ен» (ТувРС 206); алтай т. им «мал құлағындағы
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==