Каржы сауда лексикасы соңғы

20 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ белгі, ен»: койды иминеҥ көрүп, бедреер «қойды еніне қарап табу» (АРС 236). Якут т. им «белгі, ен»: сүөһүнү иминен бил «малыңды енінен таны» (ЯРС 148). Тува, алтай және якут тілдеріндегі им формасы моңғол тілінен ауысқан, салыст.: моңғол тілдерінде: Моңғол, халқа, қалмақ, бурят т. им «малдың құлағындағы ен» (ЭСМЯ II 102). Түркі тілдеріндегі «ым, ишарат» мағынасындағы им/ым сөзі де осы «ен/ин»-мен байланысты болса керек: Махмұт Қашқаридың Диуани лұғатит түрк атты ескерткішінде им «белгі, ишарат, ым»: Им билсе ер өлмес «Ымды білген кісі өлмес» (МҚ I 38). Қырғыз т. ым «ым» ( ым қағышат «ым қағады») (КРС II 431); қарақалпақ т. ым «сол мағ.» (КкРС); ноғай т. ым «сол мағ.» ( ым қағу ) (НРС 426); татар т. ым «сол мағ.» ( ым қағу ) (ТатРС 1120); башқұрт т. ым «сол мағ.» (БТҺ II 695). Түрікмен т. үм «басын изеп көрсетілетін ым, белгі» (ТРС 671); түрік т. im «ишарат, белгі, ым» (ТурРС 448). Алтай т. им «ым, ишарат» (АРС 236); тува т. им «сол мағ.» (ТувРС 206). Таңба «меншікті білдіретін белгі, ру-тайпаның таңбасы, мөрі; ен, белгі; салық түрі; тауар белгісі». Тек қазақ тілінде таңба деп айтылатын сөз (көне ескерткіштер мен тілдердің барлығында тамға деп жұмсалады) говорларда тамға деген көне формасында сақталғаны назар аудартады: Тамға (Алм., Кег.) «таңба»: Менің жоғалған сиырымның ен тамғасы жоқ еді; Тамғалы тас (Алм.: Нар. , Кег.) «таңбалы тас»: Әйтеуір өрмек тектес жерлерде тамғалы тас көп қой (ҚТАС 645). Тутамғалы деген ру атауында да осы тұлғада сақталған. Орхон мұраларынан Күлтегінде тамғачы «таңбашы, таңбаны сақтаушы, таңба иесі» (КТ б.53) (ДТС 530). Көне ұйғыр жазулы мәтіндерінде тамға/тамқа «мөр, ен; таңба, белгі», тамғачы «мөрші» түрінде кездеседі (Gabain 2003: 296). Диуани лұғатит түркте тамға «таңба; қаған, патшалардың мөрі; тамғала- «қағанның мөрін қою, таңбалау» (Atalay 1991: 567).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==