Каржы сауда лексикасы соңғы

21 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Құтты білікте тамға «мүр, таңба»: Аяғ бирди тамға ат үстем кедүт Ағырлады асру түкел болды қут «Оған атақ-даңқ, таңба, ат әбзелі мен шапан сыйлады, зор құрмет көрсетті, ол бақ-дәулеттің ең биік дәрежесіне жетті» (Arat 1999: 193) Қыпшақ жазба жәдігері Кодекс куманикуста тамха «таңба» (Grönbech 1992: 177). Мәмлүк қыпшақ ескерткіші Әт тухветүз зәкиеде тамға «таңба» (Atalay 1945: 250). Шағатай жазба мұраларында тамға «сол мағ.» (Радлов III 103). Ноғай т. тамға «таңба, белгі, ен» (НРС 331); қарақалпақ т. тамға «сол мағ.» (КкРС); қырғыз т. тамға «таңба; белгі; ен; ұран; әріп, таңба; мөр» (КРС II 200); құмық т. дамға «дақ; сия; белгі; таңба» (КумРС 105); балқар т. тамға «сол мағ.» (КБРС 619); татар т. тамға «таңба, белгі, тауар белгісі; ен; мөр; қол, қолтаңба» (ТатРС 853); башқұрт т. тамға «сол мағ.» (БТҺ II 306); қарайым т. тымға «ізтаңба; бітеме (пломба); кеден» (КРПС 557). Өзбек т. тамға «белгі, таңба; ен; мөр; елтаңба» (УРС 424); ұйғыр т. тамға «сол мағ.» (YUTS 388). Түрік т. damga «мөр, белгі, таңба, фирма, тауар таңбасы, алтын немесе күмістің нөмірі (проба); кеден мөрі»; damgacı «тауарға марка белгісін қоюшы»; damgalamak «тауарға белгі қою» (ТурРС 208); гагауз т. дамга «таңба, белгі; бажы, ен» (ГРМС 131); әзербайжан т. дамга «сол мағ.» (АзРС 97); түрікмен т. тағма «сол мағ.» (ТРС 612). Алтай т. таңма «таңба, белгі, ен; белгілеу; мөр; нысана; нөмір» (АРС 651); хакас т. таңма «сол мағ.» (ХРС 217); тува т. таңма «мөр; мөртаңба; таңба, белгі; ен; орда» (ТувРС 406); сары ұйғыр т. тамға «мөр» (Малов 1957: 111). Чуваш т. тумха/томха «дақ; мөр; таңба, белгі, ен» (Федотов II 1996: 246). Сонымен, бұл сөз көне дәуірлерден бастап, қазіргі түркі тіл­ дерінің барлығында қолданылады. Түркі жазба мұралары мен оғыз, қарлұқ, қыпшақ тілдерінің түгелінде тамға түрінде жұмсалған форма, қазақ тілі мен сібір түркілерінде «ң»-лы (таңба/таңма) нұсқада кездеседі. Түрікменшеде метатеза құбылысы негізінде тағма тұлғасына ауысқан. Таңба сөзінің экономикалық мағынасына ауысуы Анадолы түрік тілінде байқалады, сонымен бірге бұл тілде

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==