Каржы сауда лексикасы соңғы

22 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ «алтын/күміс сынамасы» мәні де бар. Көне ескерткіштер мен қазіргі тілдерде болса, меншікті білдіретін белгі мәнін де білдіреді. Бұл сөз түркі тілдерінде ең көп таралған термин әрі көне дәуірлерден бері көрші халықтар тілдеріне де кірген. Мысалы, орыс т. тамга. Фасмер орыс тілінің этимология сөздігінде тамга сөзіне «мөр; татарлардың салық түрі» деген анықтама беріп, оның түркі тілдерінен XIII ғасырда алынғанын көрсетеді (ЭСРЯ IV 18); Моңғол т. тамаға ; халка, бурят т. тамга ; мангуор т. тамаха ; қалмақ т. тамх «таңба, белгі, ен, мөр» (ЭСМЯ III 151); Парсы т. тамга «таңба» (Федотов II 1996: 246). Сөздің этимологиясына келсек, Клаусон «-ғa» қосымшасымен бітетін көне түркі сөздердің бірі екенін атап өтіп, оның қытайшада «мөр» мәнінде қолданылғанын әрі моңғол тіліне өткенін жазған (Clauson 1972: 504). С.Малов тамғаның «жану» мәніндегі там - (мәселен, қазақ тілінде тамды «жанды», тамызып қойды «от жақты, көлік оталдырды», тамұқ «тозақ») етістігінен шыққанын алға тартады (Малов 1957: 111). Түрік зерттеушісі Ейүпоғлу этимологиялық сөздігінде тамғаның тaмдур - «жаққызу» етістігінен жасалғанын алға тартып, дәлел ретінде таңбаның темірді қыздырып басу арқылы жасалатын айтады (Eyüpoğlu 1988:72) Тағы бір түрік тіл маманы Топрақ тамға терминінің тaғ - «тағу, басу» етістігінен - мa жұрнағының қосылуы арқылы жасалып, о бастағы «малдың терісіне бір нәрсенің басылуы» деген мағынадан шықты деп анықтайды (Toprak 2011: 556).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==