Каржы сауда лексикасы соңғы
7 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ КІРІСПЕ Қазақ тілі лексикасының байлығы оның қай саласын алса да сөздік қорының молдылығы мен алуан түрлілігінен байқалады. Әсіресе осы тақырыпқа арқау болып тұрған қаржы-экономикамен байланысты сөздердің қазақ тілінде көптеп кездесуі қазақ халқының ежелден экономика мен қаржыны жақсы меңгергенінің дәлелі бола алады. Оңтүстіктегі отырықшы түркі халықтары мен тілдері арасында да қазақ тілі тері-тон, киім-кешек, ас-тағам, кен-қазба, тері-мата, зергерлік бұйымдар атауларының бай болуымен әрі түбі түркі төл сөздердің көбірек сақталуымен ерекшеленеді. Қазақ тілінде көне түркі дәуірінен бері қолданылып келе жатқан қаржы, экономика салаларына, жалпы сауда-саттыққа байланысты сөздер мен ұғымдар көптеп кездеседі. Мысалы, ақша, алтын, алым, алыс-беріс, айырбас, баға, бақыр, басқарма, бастық, берешек, билік, борыш, елші, жарлық, жармақ, иелік, келісім, күміс, кіріс, мал, меншік, өсім, өтем, салық, сату, сатушы, сатым, сауда-саттық, табыс, тауар, теңге, тиын, төлем, түсім, үлес, шығын деген төл терминдер көне түркі дәуірінен бері қолданылып келеді. Осындай атауларды жиып-теріп, тарихи даму барысындағы олардың дыбыстық-тұлғалық өзгерістерін анықтап, мән-мағынасын ашып, түркі тілдеріндегі қолданысын көрсету өте маңызды. Сол арқылы сала тілінің ерекшеліктері айқындалып, қаржы- экономика атауларының тілдік табиғаты, көне дәуірлерден бергі даму үрдісі, қазіргі жай-күйі көрсетіледі. Туыстас түркі тілдерінің өзара байланысы, тарихи тамырластығы тілдік деректер негізінде дәлелдене түседі. Кітапта қазақ тілінің белсенді лексикасында қолданылып келе жатқан қаржы-экономика саласы терминдері мен жекелеген атаулар талданған. Қазақ тіліндегі кейбір қаржы-экономика және сауда терминдерінің түпкі мағынасы мен этимологиясы көне және ортағасыр түркі жазба ескерткіштерінен бастап, қазіргі түркі тілдері деректері негізінде беріледі. Сөздер арасындағы семантикалық байланыстар мен қосымша дәлелдер үшін туыстас емес тілдердің материалдары да пайдаланылды. Аталған зерттеу жұмысында қазақ қаржы-экономика лексикасының ішінде негізінен түркі тілдеріне
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==