Каржы сауда лексикасы соңғы
78 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Нықара күміс шаптырып, Былғары саба пістіріп, Шыны аяқпен іштірген (Бұхар жырау). Cом алтынды басып отыру үшін де к...н керек (Кейкін 2002: 257). Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде берілмеген бұл сом сөзі кейбір түркі тілдерінде «құйма, кесек, таза, нағыз, шағын, тығыз» мағыналарында қолданылады: Құмық тілінде сом алтын «саф алтын» тіркес күйінде ғана айтылады (КумРС 269); қырғыз т. сом «өнделмеген метал кесегі»: сом темир «үлкен кесек темір»; сом күмүш «таза күміс» (КРС II 154); қарақалпақ т. сом «кесек»; сом алтын «саф алтын», сом темир «темір бөлігі» (КкРС 581); башқұрт т. һум алтын «сом алтын» (БТҺ I 56). Түрік т. som «тығыз, шағын; құйма, кесек, таза, қоспасыз» (ТРС 784). Алтай т. сом «форма, пішін» (АРС 598). Көне түркі жазба мұраларынан Диуани лұғатит түркте сун деген тұлғада әрі алтын сөзімен тіркес түрінде жазылған: Диуани лұғатит түркте сун алтун «кесек алтын» (МҚ III 138) (ДТС 514). Ортағасыр жазба жәдігерлерінен ең алғаш Мәмлүк қыпшақ ескерткіштерінде қолданылғаны анықталды: Мәмлүк қыпшақ ескерткіштерінде (Аттухфатуз зәкие мен Идрак хашие мұраларында) сом «алтын, күміс секілді бағалы металдар» (KıpTS 239). Анадолы түрік жазбаларында сом «толық, тұтас» (TS V 3507). Алтынның түсіне, тазалығына байланысты түрлері: Қызыл алтын «саф алтын» (ҚӘТС I 458). Сол сияқты сен қазынаңдағы қызыл алтын едің, мен ақыл едім (Қазақ ертегілері 1957: 416). Қырғыз т. қызыл алтын «таза алтын» (КРС I 52); ноғай т. қызыл алтын (Бұлан қуған қазаққа, Алла берер қызыл алтын етеклеп); татар т. қызыл алтын (ТТАС); қарайым т. қызыл алтын «червонное золото» (КРПС 383). Алтын мағынасындағы қызыл сөзі қызыл алтын деген тіркестен қысқарып (тіркестің екінші сыңары түсіп) пайда болған да болуы мүмкін.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==