Каржы сауда лексикасы соңғы
77 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ шому, бату» (Араб.рус.сл.) тұлғасымен байланыстырылады (қа раңыз: Ә.Нұрмағамбетов, Бес жүз бес сөз). Бұл мағынадағы қарық сөзі өзге түркі тілдерінде жоғарыдағы қарқ алтын дегендегідей қарқ формасында жұмсалуы да ойландырады: Қырғыз т. карк «молшылық»: етке карк болдук ; карк тойдум; карк дөөлөтке баткан «шексіз дәулетке батқан» (КРС I 351); қарақалпақ т. қарқ «молшылық»; қарк болу ; қарқ ету (КкРС 380); ноғай т. карк «молшылық»: қарқ болдық (НРС 150); құмық т. қарқ : сен чи уллу қарқ этерсен ! (ирон.) «сен көп дүниені қарық етесің ғой!» (КумРС 171) түрікмен т. ғарқ: ғарқ болмақ «шому, бату» (TTS 233); түрік т. gark «су басу, төгілу, жайылу»: garketmek/gark olmak «кенелу, сыйға, байлыққа бату» (ТурРС 314). Қарқ сөзінің оғыз түркі тілдерінде «шому, бату» мағынасындағы қарқ болу деп те жұмсалуынан қазақ және қыпшақ тілдеріндегі сөздіктердегі «изобилие (молшылық)» деген мағынасы «бату, көмілу, шому» деген ауыспалы мәннен келген секілді, мысалы байлыққа бату = қарық болу «бату» дегендей. Түрік тіліндегі гарк деген сөздің «су басу, суға шому, жайылу» деген мағынасынан бөлек, гаркетмек немесе гарк олмак-тың «кенелу, сыйға, байлыққа ие болу» екі мағынада жұмсалуы жоғарыдағы сөзімізге дәлел болады. Десек те, қарқ алтын дегенді осымен қалай байланыстыруға болады? деген заңды сұрақ туындайды. Енді қарқ сөзін «төгілген, ағылған, құйылған» деп анықтасақ, қарқ алтын деген тіркес те «(таза) құйма, құйылған алтын» деп түсіндіруге болар. Қарқ сөзінің «құйма» деген мағынадағы сөз екенін, алтынның өзі құйма түрінде болуымен де байланысты, төменде сондай алтын түрлері де келтірілген: Қима алтын «сом алтынның қақталғаннан кейінгі қиындысы»: Қақырғаны қима алтын, түкіргені түйме алтын 2 (мақал). Құйма алтын «Алтын тазартылып, өңделіп дайындалған соң құйма түріне енгізілгені, белгілі бір қалыпқа келтіріліп құйылған, басқа қоспадан тазартылған алтын». Cом алтын «таза, қоспасыз, саф алтын; тұтас құйылған кесек алтын»: Қазығын қалайыдан қақтырып, Тоқпағын сом алтыннан соқтырып, 2 Қақырғаны қайым (кесек) алтын, түкіргені түйме алтын (ҚХР) (ҚТАС 372).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==