Каржы сауда лексикасы соңғы

76 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ қойдың басына ұқсатып құйылған алтын; ат басындай алтын : үлкен сом алтынның поэтикалық атауы (Шойбеков 1993: 65). Айырған алтын «қоспасы жоқ таза алтын, қоспасынан айырылған алтын»: Айырған алтын секілді, Нұр сәулелі жүздерің. Қарасам бүгін өзгеріп, Солғын тартқан өңдерің (XIX ғ. қаз. поэз.) (ҚӘТС I 451). Көшпелі алтын (аңыз) «жер жерден желмен көшіп жүретін сұйықтау келген алтын». Қазақтар арасында алтынның топ-тобымен жер қыртысының бетінде көшіп жүретін сұйықтау келген алтын түрі болады және оны көшпелі алтын деп атайды деген аңыз ұшырасады. Ауызша деректерде ондай алтын жердің бетін ыра ойқастап құмда жүрген жылан тәрізді болып, жер қыртысын «талқандай» жосып жүреді деседі. Көшпелі алтынды көрген адам сол сәтте өз денесінен (көбіне саусағынан) немесе малды бауыздап қан шығарса, көшіп бара жатқан алтын тоқтап қалады екен. Қарқ алтын (көне) «қоспасыз, таза алтын». Қазіргі оқырмандарға мағынасы беймәлім көне сөздердің бірі саналатын осы қолданысты Мұхтар Әуезов драмалық шығар­ маларында келтіреді: Таласың жоқ, жалғыз-ақ Бұрын жеткен алады Соңғыда да сауға бар Қарқ алтынға малынтып, Қарлығамды алады (Əуезов 11 том, 1982: 171-б.). Қарқ сөзі болаттың сапасын білдіру үшін де жұмсалады: Сыңар қанат, қарқ болат , күй түбінен сыр тартқан, Арқалар құсым аңдаушым, Аңырап қалдым, ол кетті (Əуезов 11 том, 1982: 164-б.). Қарқ сөзі ертеде «қоспасыз» деген ұғымды білдірген. Қазіргі күні кей түркі тілдерінде сақталған, мәселен қырғыз тілінде карк «түгел, тұтас, толық, әбден» дегенді білдіреді: карк алтын «тұтас таза алтын»; күчү карк толғон «күші әбден толған» (КРС I 351). Қазақ тіліндегі қарық «молшылық, жеткілікті, асқан» сөзі осымен байланысты. Оның өзін арабтардағы ғарк «шектен асқан, шексіздік;

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==