Каржы сауда лексикасы соңғы
74 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Патшалық Ресейдегі алтын валютасының алтын металынан емес мыс және күмістен болғаны да назар аудартады: «Как реальную монету алтын впервые начали чеканить при Алексее Михайловиче в 1654 году из меди. В 1704 году при Петре I началась чеканка алтынников из серебра, которая продолжалась вплоть до 1718 года. В ходе денежной реформы 1839-1843 годов начали чеканить монеты с номиналом в 3 копейки, которые с тех пор стали традиционным номиналом Российской империи, а затем СССР». Тұжырымдар қаншалықты дәлелді болса да, оның алтын сөзімен байланысты емес екеніне әлі де дәлелдер қажет етілетін сияқты. Неге десек, орыс тіліндегі ресми валюта болған алтын атауы алты санына қатысты болса, түркі тілдерінде неге алты тиын деген тіркес жоқ?! Алты тиын дегеннен туды дегенде, қырық түркі тілінің кемінде бірінде сақталу керек еді. Орыс ғалымдары татар тілінен алынды деп айтса да, татарша да алты тиын деген тіркес алтын боп қысқарып мүлдем айтылмаған. Мұнымен бірге алтын түркілерде ақша, валюта түрінде «саф алтын» болмаса да қолданылған. Мәселен, 1993 жылы Волга бұлғарлары мен Алтын Орданың ақша айналымы тарихы туралы зерттелген материалға сүйене отырып, нумизмат Всеволод Потин (Потин 1993) орыс алтынының пайда болуын түркілердегі алтынның бұрыннан есеп ақша бірлігі ретінде қолданылуымен байланыстырады. Екінші мысал ретінде ортағасырлық Бұлғарда алты ярмак, Жошы дирхамдеріне немесе екі мысқалға және әрқайсысы алты даникке тең алтын динар мен күміс монета болғанын көрсетеді. Татар нумизматы Азгар Мухамадиев (Мухамадиев 1983: 39) атап өткендей, ежелгі татар тіліндегі алтын сөзі «алтын» мағынасында да, «алтыға көбейтілген ақша бірлігі» үшін де қолданыла алғанын есепке алсақ, алтын валютасы көнеде алты есе жоғары баға дегенді мәнді білдіргенімен, оны алты сөзімен байланыстыруға әсте болмас. Орыс мемлекетіндегі алтын валютасының орнатылуы Алтынордамен тығыз байланыс орнатып, оларға салық төлеп тұрған кезеңмен сәйкес келеді. Патшалықтың Алтынордамен терең әрі жақын қатынасының құрметіне алтын ұғымын алулары мүмкін деген пікірімізді де жоққа шығаруға болмас. Мәселен, зерттеуші Яниннің өзі орыс тіліндегі ақша атауларының көрші елдермен байланысы негізінде туындағанын атап өткен болатын:
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==