Каржы сауда лексикасы соңғы
72 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ бірден қан шығару керек, қан шығарған жерге көшіп келе жатқан алтын төгіледі деген әңгімелер айтылады. Алтынның экономикалық мағынасы: Алтындық «алтынға тән, қасиеті алтын сияқты, алтын дәрежесіндегі баға, құн». Алтын-валюта (экон.) «Ұлттық банкі мен қаржы органдарында сақталатын алтын және шетелдік валюта коры». Алтын қор «құйылған немесе монета түріндегі бағалы ме талдардың мемлекеттік коры». Алтын монет «Алтын косылған, не алтыннан құйылған тиын, монета». (ҚӘТС 454-460). Тарихи кезеңдерде алтын сөзінің ақша, төлем құралы болғаны белгілі, тіпті ең көне төлем құралы болғаны айтылады: Жошы алтыны (орысша «джучидский алтын») «екі мысқал, алты дирхам және динарға тең Алтын орданың ақша бірлігі». Орыс алтыны (русский алтын, алтынник) «1375 жылдан бері белгілі ежелгі Русьтің ақша бірлігі, орыс ақша жүйесінің дәстүрлі атауы. Ақша жүйесін орталықтандырғаннан кейін, 6 Мәскеу теңгесіне (деньга) немесе 3 Новгородтық ақшасына тең болған. 1654 жылдан бастап XIX ғасырға дейін ресми тиын, монета түрінде соғылып, қолданыста болған. Кейінгі дәуірлерде алтын үш тиынға сәйкес келетін монетаның халықтық атауы болып қалыптасты (мысалы, пятиалтынный «15 тиындық монетаның халықтық атауы)» (Спасcкий 1956: 12-15). Бұл туралы белгілі нумизмат ғалым И.Спасскидің сөзін келтірсек: «Счет на алтын впервые появляется в последней четверти XIV в., когда в обращение поступает русская денга. Существует мнение, что до середины XV в. алтын равнялся трем денгам, а во времена Василия Темного (середина XV века) содержание денег в нем удвоилось... Исконное равенство алтына шести денгам бесспорно... Алтын долго оставался местным счетным понятием центральной и восточной Руси» (Спасский 1957: 73). Патшалық Ресейдің ақша монетасы болған алтын сөзі түркінің алтын ұғымымен байланысты екені анық, алайда В.Татищев, И.Спасский, В.Добродомов, В.Янин секілді ғалымдар оны «алты» және «тиын» сөздерінің қосындысы деп есептеп, татар тілінен келген деп есептейді:
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==