Каржы сауда лексикасы соңғы

71 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Алтын сөзінің эпитеті Қазақ туған жерін, босағасы мен шаңырағын, сүйіктілері мен адам бойындағы адал қасиеттерді алтын сынды металға балаған. Сонау тарихқа көз салсақ та қасиетті сары даламызды мекен еткен халық пен тайпалар да осы бір жылтыраған тасқа ерекше құн берген. Қазақтарда «алтын» сөзі эпитет ретінде жиі қолданылады. Түсті – алтын күз , әдемілікті – алтын қасықтай , өнегелі ұлды алтын асықтай , құтты мекенді – алтын бесік ( Ата үйі алтын бесік, кірсем, шықсам сипалар; Туған жер ‒ алтын бесік ); туған жерді – алтын аймақ ; aтақ-дәрежені – алтын жаға , қазына-байлықты – алтын сандық (Ақыл алтын сандық, адамына қарай ашылар); адамгершілігі мол кісіні – алтын адам , ақылды, қадірлі дегенді алтын бас (Жақсы адам алтын басын еңкейтер) деп ерекшелейді. Әсем дауысты әншіге алтын дауысты , дарынды балаларын алтын ұрпаққа балап, шебер адамды қолы алтын (Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын) деп, жақсысы мен мықтыларын алтынға теңеген. Алтындай деп, бір жағынан, қыздың қас сұлулығын әспеттесе, екінші жағынан, адамның тектілігін айтады.Мысалы, халық арасындажақсы адамның ұрпағын «алтынның сынығы», яғни жақсының көзі деп жатады деген сияқты. Қазақта Алтын, Алтынбек, Алтынжан, Алтыншаш, Алтынай, Алтынбала, Алтынқыз деген сияқты есім ретінде жиі қойылады. Алтын туралы наным-сенімдер Дәстүрлі наным-сенім бойынша судан өткен кезде алтын бұйым салынған сандық, жүктерге өте абай болуы қажет. Сондықтан, алтын бұйымды киізге орап сандыққа салады. Өйткені, алтын үнемі бостандыққа ұмтылады екен. Үлкендер алтынды ашық жерде сақтаса, жоғалуға ұмтылады деп, оны қымтап орап, ешкім көрмейтін жерде сақтаған. Оның барлығында алтын бостандыққа ұмтылады, орында тұрмайды, жоғалуға бейім тұрады деген ырым тұрғаны анық. Халық арасында «алтын көшіп жүреді» деген ұғым бар. Соған қарағанда алтын бір жерден екінші жерге көшетін көрінеді. Жел көтеріп, алтын сол желмен ілесе ұшып жүреді екен. Бұл құбылыс шындыққа жанаса ма, әлде ойдан шығарылған аңыз әңгімелер ме, оны мұқият зерттеп анықтау қажет. Алтынның көшін көріп, алтынды қолмен ұстауға талпынып көргендер туралы халық арасында аңыздар көп. Тіпті көшіп жүрген алтынды қолды ету үшін

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==