Каржы сауда лексикасы соңғы

70 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ АЛТЫН ЖӘНЕ БАСҚА ДА БАҒАЛЫ ТӨЛЕМ ҚҰРАЛ АТАУЛАРЫ Қазақ және түркі тілдерінде алтын ең кең таралған сөздердің бірі. Түркі жазба ескерткіштерінде негізгі мәнінен бөлек «ақша, ақша бірлігі, сауда құралы, қазына, байлық» сияқты мағыналарында да ең көне дәуірлерден бері қолданылады. Әсіресе оның сауда-саттықта, түркі экономикалық өмірінде ең бағалы төлем құралы болып жұмсалып, қазіргі күні де ең құнды валюта болып жұмсалуының жалғаса беруі назар аудартады. Алтын металын балқытып ақша ретінде пайдаланған әрі көрші ұлыстарға жайған түркі өркениеті екені белгілі. Оның барлығы археологиялық қазбалар арқылы дәлелденуде. Алтын сөзінің қазіргі түркі тілдерінен барлық тілдерде жұмсалуымен бірге түбі туыстас алтай тілдерінде де түрлі мағыналарында айтылады. Бұл тілдерде қолданыспен шектелмей, көрші халықтар тілдеріне де кірді. Орыс тілінде тіпті XIX ғасырға дейін ресми ақша бірлігі, монета болып қолданыста болды (алтын, алтынник). Қазақ тіліне келсек, бүгінгі күнге дейін ең әдемі, ең ұтымды теңеулер, метафора, күрделі сөздер мен тіркестер, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, тіпті ономастикалық атаулар осы сөзден жасалған. Алтын «алтын; алтын ақша, валюта құралы; алтын тиын, алтын мәнет; aлтыннан жасалған ақша, алтын теңге; байлық (соңғы мағынасы «алтын-күміс» қос сөзінде)». Алтынның қасиеті, құндылығы мен сипатына байланысты көптеген мақал-мәтелдер қалыптасты: Отқа салып ерітсең де, алтын, сірә, жез болмас. Адамды сөз бұзар, алтынды жез бұзар. Алтынды тот баспайды. Дау арылмас, алтын шірімес 1 . Алтын шыққан жерді белден қаз. Алтын артқан түйенің алдында есек, артында ит жүреді. Алтын жерде жатпайды. Алтын көрсе, періште жолдан таяр. Алтын отта сыналар, адам жоқта сыналар, т.б. 1 Ақыл айнымас, алтын шірімес.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==