Каржы сауда лексикасы соңғы
69 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ күрделі сөз, жасалуы шамамен арзанқол дегенмен бірдей. Ал ортанқол деген көне сөздің жаңа мағынада айтылуы (мұның арзан қол, орташа сапада деген мағынада қолданылуы тілші ғалымдар тарапынан дұрыс емес деп айтылады) осы тіркестерге ұқсатылып пайда болған. Түркі тілдерінде төменқол деген қолданыс кездесе бермейді, қазақ тілінде де жаңа термин, соңғы кездері пайда болған қолданыс боп қалыптасқанға ұқсайды. Бір жағынан төмен қол деген тіркестен қысқарып, қолдау (төмен қолдау), қолдылау (төмен қолдылау) деген туынды сөздердің пайда болуы, төменқолдың да жаңа тіркес емес екенін аңғартатындай (дегенмен қол сөзінің түп мағынасын зерттеу қажет әлі): Қолдау «арзан, төмен қолдау, құны төмендеу, арзандау» (ҚТТС 514). Қолдылау : жеңіл қолдылау «онша қымбат емес, арзандау» (ҚТТС 514). Ал төмендеу деген етістік бағасы төмендеді деп «бағасы түсті, арзандады» дегенді де білдіреді, сонымен бірге жаңа тіркес болып, төмендетілген бағалар формасында жұмсалып жүр. Мұндай қолданыстар қырғыз тілінде де бар, мәселен: баа төмөндөдү «бағасы арзандады»; товардардын баасынын төмөндөлүшү «тауар бағасының түсуі»; төмөндөтүлгөн баалар «төмендетілген бағалар» (КРС II 258). Төмен сөзінің осындай мағыналарға ие болуы орыс тілінде «сниженные цены, цены снизились» деген тіркестердің калька, аудармасы болса керек. Десек те қазақ говорларында «төмендеу» деген мәнге саятын ылдилау етістігінің «арзандау» деген мағынаға ие болуы, мұның калька емес, ертеден бар болған құбылыс дегенді де білдіруі мүмкін: Ылдилау «арзандау: «Көлемі 40 сом тұрады екен, ылдиламайды бағасы» (Жамб., Мойын.) (ҚТАС 785).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==