Каржы сауда лексикасы соңғы

68 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Ужуз деген тұлға түбі түркі сөзі, көне Орхон, Енисей және көне ұйғыр жазба мұраларында «жеңіл; оңай; кішкентай; мардымсыз» мағынасында қолданылып, Қарахан дәуірінен бастап «арзан» деген мәнге ие болды: Тоныкөк ескерткішінде учуз «жеңіл, оңай» (ДТС 604). Көне ұйғыр жазулы мұраларында учуз «кішігірім; жеңіл; мардымсыз; қажетсіз, керексіз» (ДТС 604; EUTS 262). Қарахан дәуірінің құнды жәдігері Диуани лұғатит түркте учуз «арзан»: учуз нең «арзан зат» (ДТС 604). Хорезм дәуірі жазбасы Ортаазиялық тәпсір кітапбында учуз «посрамленный»; учузлуқ «дешевизна» (Боровков 1963: 334). Тарихи қыпшақ жазба жәдігері Кодекс куманикуста учуз «арзан, құнсыз» (Grönbech 1992: 204). Мәмлүк қыпшақ ескерткіші Тержумани ажемиде учуз «арзан», учузлуқ «арзаншылық» (Құрысжанов 1970: 210-211). Сібір түркі тілдерінде түбі түркі сөздері «арзан» мағынасында айтылады, әсіресе қазақ тіліндегі жеңіл сөзінің алтайша мен хакасшада осы мәнге ие болып жұмсалуы назар аудартады, мысалы: Алтай т. јеңил «арзан»; јеңил ӧдӱк садып алар «купить дешёвую обувь» (АРС 199). Хакас т. ниик/ниикке «1. жеңіл; 2. арзан» (ХРС 116-117). Хакасшадағы қолданыс жеңіл сөзінің көне тұлғасы, фонетикалық варианты болса керек, көне түркі тіліндегі йеник «жеңіл» (ДТС 256) формасы болып та жұмсалған. Жалпы «жеңіл» мағынасындағы сөздердің «арзан» мағынасына ие болуы табиғи құбылыс, жоғарыдағы ужуз, жеңил, йеник деген сөздердің барлығы алғашқы «жеңіл» мәнінен «арзан» деген мағынаға ауысқан. Жеңіл сөзінің осыған жақын мағынасы қазақ тілінде туынды тұлғадағы жаңа сөз жеңілдік «тауар бағасына жеңілдік» (орысшасы скидка) дегенде байқалады. Төменқол «сапасыз, нашар, арзан дүние» (ҚТТС 816). Өздері жататын үйінің іші манағы қонақ үйіндей, бірақ төсеген кілемдері төменқол (С.Шәріпов, Бекболат) (ҚӘТС XIV 338). Төменқол тіркесіндегі төмен сөзінің «арзан» деген ауыспалы мағынаға ие болып, оған қол сөзінің қосылуы арқылы жасалған

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==