Каржы сауда лексикасы соңғы

67 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Надандар бәһра ала алмас (Абай 1961: 137). Арзан сөзінің парсынікі екені белгілі (ПҚТС 23). Қазіргі түркі тілдерінен тек кей қыпшақ тілдерімен қарлұқ, оғыз тобында (тек түрікменшеде) қолданылатын, бірақ кең таралмаған сөздердің бірі, мұнымен бірге ортағасыр жазба мұраларында кездесе бермейді: Қарақалпақ т. арзан «арзан»: Арзанның сорпасы татымас (КкРС 48); қырғыз т. арзан «арзан; оңай»: Ат арытмак арзан, журт арытмак қымбат (мақал) (КРС I 67); татар т. арзан/арзанлы «арзан, қымбат емес»; арзанайту «арзандату»; арзанайтылган «арзандатылған, жеңілдігімен»; арзанаю «арзандау»; арзанчылык «арзаншылық» (ТатРС 49); башқұрт т. арзан «арзан, құнсыз, бағасы төмен»: Арзандың тозлоғо татымас «Арзанның тұздығы татымас»; Ауылға килген без арзан, ауызға килген һүз арзан «Ауылға келген без арзан, ауызға келген сөз арзан» (БТҺ I 72). Ұйғыр т. ерзен «арзан» (YUTS 115); өзбек т. арзон «арзан» (УРС 22): Арзонниң шурваси татимас «Арзанның сорпасы татымас» (УТИЛ 53). Түрікмен т. арзан «арзан» (ТРС 49). Ұжыз «арзан»: Арзан мағынасында оғыз тілдерінде уджуз сөзі қолданылады, оғыз тілдерінің әсерінен кей қыпшақ тілдерінде де осы тұлға жұмсалады (тіпті бұл тілдердің көбінде парсыша арзан сөзі қолданылмайды), мәселен: Қырым татар т. уджуз «арзан» (КТРС 71); құмық т. учуз «арзан» (КумРС 321); қарайым т. ужыз / ужуз «арзан» (КРПС 573); қарашай- балқар т. учуз «арзан» (РКБС 138); татар т. очсыз «арзан, тиімді бағада»: Очсызның артытывычсыз «Дешёвому товару дешева и цена» (мақал) (ТатРС 686); башқұрт т. осһоз «арзан»: Осһоззоң һурпаһы ла татһыз «Арзанның сорпасы да дәмсіз (Арзанның сорпасы татымас)» (БТҺ II 53). Түрікмен т. ужыз «арзан» (ТРС 656); гагауз т. ужуc «арзан» (ГРМС 483); түрік т. ucuz «арзан»: Ucuz etin yahnisi tatsız olur (мақал) «Арзан еттің қуырдағы дәмсіз болар»; Ucuz sirke baldan tatlıdır «Арзан сірке балдан тәтті» (ТурРС 877); әзербайжан т. учуз «арзан» (АзРС 303).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==