Каржы сауда лексикасы соңғы
66 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ АРЗАН СЕМАСЫН БІЛДІРЕТІН АТАУЛАР Арзан «қымбат емес, бағасы төмен; (2. экон.) жұмсалатын шығыны аз, өзіндік құны төмен» (ҚӘТС I 606). Қазақ тілінде арзан сөзі ең кең таралған әрі жиі қолданылатын сөздердің бірі. Төмендегідей туынды тұлғаларда жұмсалады: Ап-арзан «су тегін» (ҚТТС 50). Арзанқол «орташа істелген, жұпыны, нашарлау, өте арзан дүние». Арзандау «бағасы кему, құны төмендеу, құнсыздану» Арзандау/арзанырақ «арзанырақ, бағасы төмендеу». Арзандық «құны жоқтық, бағасыздық». Арзанды-қымбатты «құнды-құнсыз». Арзандылық «Құны төмендік, бағасы арзан болушылық». Арзаншылық «аста-төктік, молшылық» (ҚТТС 54). Арзандырақ (Шығ. Қаз, Больш.) «арзанырақ». Арзанию (Қарақ.) «арзандау». Арзансыту (Қ.орда: Жал., Тер.) «арзандату» (ҚТАС 68). Тіркестер, фразеологизм, мақал-мәтелдерде де қолданылады: Арзанға түсті «тиімді, төмен бағамен сатып алды»: Қарапайым жұрт ұрлық айтып «мал алам» деп, ұрыға атымды сатып «пайдаланам» деп, не өткізбесін арзанға түсiріп алам деп жүр (Он бірінші сөз). Арзан сөйледі «мәні төмен, мағынасыз, бос сөз айтты». Арзанның пұлы татымайды/Арзанның сорпасы татымайды/ Арзанның жілігі татымас (мақал). Арзан сөзінің ауыспалы «құнсыз, қадірсіз» деген мағынасы Абай өлеңдерінде де көрінеді: Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Арзан , жалған күлмейтін, шын күлерлік Ер табылса, жарайды қылса сұхбат (Абай 1961: 86). Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас. Білгенге маржан, Білмеске арзан ,
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==