Каржы сауда лексикасы соңғы

63 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Бағалы «бағасы қымбат, нарқы жоғары (ҚТТС 95). Парсы тіліндегі баһа « هبا нарық, құн, баға» (Оңдасынов 1974: 51) cөзіне есім тудырушы түркі «-лы» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған туынды тұлға түркі тілдерінің көбінде ортақ сөз болып, түрлі фонетикалық формаларында «қымбат» мағынасында жұмсалады. Баға түбірі парсыша сөз болса да, түркі тілдерінде он үшінші ғасырдан бері қолданылып келеді, бағалы формасы қазіргі түркі тілдерінде түрлі фонетикалық тұлғаларында, тіпті сібір тілдерінде кездеседі: Алтай т. баалу «қымбат, бағалы» (АРС 97); хакас паалығ «бағалы, қымбат, маңызды» (ХРС 138). Қарақалпақ т. бахалы «қымбат» (КкРС 93); қырғыз т. баалу «бағалы, қымбат»: алтын баалуу «алтындай қымбат (КРС I 89); ноғай т. баалы «сол мағ.»: баалы савқат «бағалы сыйлық» (НРС 64); құмық т. бағалы «қымбат, бағалы; сыйлы, құрметті» (КумРС 41); қарашай-балқар т. бағалы «қымбат» (РКБС 697); татар т. бәяле «қымбат, бағалы, құнды» (ТатРС 139); қарайым т. паһалы «бағалы»: баһалы ташлар «қымбат тастар» (КРПС 447); қырым татар т. паалы «сол мағ.» (КТРС 485). Ұйғыр т. баһалиқ «бағалы, қымбат» (YUTS 28); өзбек т. бахосиз «бағасы жоқ, қымбат» (УРС 45). Гагауз т. паалы «бағалы»: Аркадаш парадан таа паалыдыр «Дос ақшадан қымбат» (ГРМС 357); түрікмен т. баһалы «бағасы қойылған; бағалы, қымбат»: ғыммат-баһалы даш «бағалы, қымбат тас» (TTS 44); түрік т. pahalı «қымбат, бағалы»: Pahalıdır hikmeti var, ucuzdur illeti var «Қымбат болса берекесі бар, арзан болса шірігі бар» (ТурРС 709). Бағалы деген туынды тұлға ортағасыр жазба ескерткіштерінде кездеседі: Қыпшақ жазба мұрасы Кодекс куманикуста баһалы «бағалы» (Grönbech 1992: 21). Ахмет Ясауидің «Диуани хикметінде» «бағалы» деген мағынада баһасыз деген тұлға қолданылған: Диуани хикметте баһасыз «өте бағалы, тым қымбат» (Üşenmez 2006: 145).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==