Каржы сауда лексикасы соңғы
64 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Құнды «бағалы, қымбат» (ҚТТС 542). Құнды қағаз (экон.) «ақша, облигация, акция, аккредетивтер» (ҚӘТС X 352). Парсыша қазақша түсіндірме сөздігінде құн сөзінің парсыша хун (Оңдасынов 1974: 123) сөзінен келгені айтылған. Ендеше «бағалы» мағынасындағы құнды тұлғасы парсыша құн және есімнен сын есім тудырушы «-ды» жұрнағы жалғануы арқылы жасалған. Осы сөздің төркінін кейбір ғалымдар монғол тілінен «адам» мағынасындағы хүн деп көрсетеді. Сөйтіп қазақ тіліндегі «құн (ердің құны)» сөзі адам деген ұғымды білдіріп тұр деп жазады (Б. Ақшалова). Солай айтылса да ол қан мағынасындағы көне «құн» деген сөз болу керек, Будагов да Қырғыз сөздігінде «баға» мағынасындағы құн сөзін «қан, кек, ер құны» мағынасынан ауыспалы мәнге ие болған деп есептейді (Будагов I 445). Бізше құн мен қан екеуі түбі бір сөз. Қан сөзі бұрынғы уақытта иран тіліне кіріп, сосын құн болып өзгеріп бізге қайтып келді. Тіпті басқа нұсқалар да бір бірімен байланысты, хүн «адам», хун «қан», қазақ тіліндегі құн «баға; ердің құны» және күн «ел-күн (халық)». Қорыта келгенде, құн сөзінің бірінші әрі көне мағынасы «қан», екінші мағынасы «ер адам құны», үшіншісі әрі ең жаңа мағынасы «баға» (толығырақ құн сөзі туралы тараушада). Түркі тілдерінде қазақ тіліндегідей құнды қолданысы кездесе бермейді. Қазақ тіліне жақын қарақалпақ және қырғыз тілдерінің өзінде тек құнсыз тұлғасы қолданылады, мысалы: Қырғыз т. қунсуз «құны жоқ, өте қымбат» (КРС I 445). Қарақалпақ т. қунсуз «құны жоқ, өте бағалы, құнды» (КкРС 410). Нарықты «құнды, бағалы» (ҚТТС 613). Осы істі сен қылсаң, Атасы еді парықтыдан, Енесі қымбат нарықтыдан , Қынадай қара шаштыдан (Манас) (ҚӘТС XI 492). Нарықты туынды тұлғасы парсыша «баға» мағынасындағы رنخ нәрх/нирх түбір сөзіне сын есім тудырушы «-ты» жұрнағы жалғануы арқылы жасалып, «бағалы» деген мағына үстелген. Түркі тілдерінде нарық деген сөз жиі кездескенмен, қазақ тіліндегідей нарықты деген тұлға қолданыла бермейді, мәселен
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==