Каржы сауда лексикасы соңғы

62 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Қымбатына жету (ҚХР) «қадірін білу, құнын бағалау» (ҚТАС 454). Қымбат сөзі араб тіліндегі қимат « قيمة   қымбат, бағалылық, бағалы зат; құн» (Оңдасынов 2010: 115) тұлғасымен байланысты. Араб тілінен енген бұл сөз түркі тілдерінде кең таралған ортақ терминдердің бірі, тіпті Сібірдегі алтай тілінде қолданылады. Түркі тілдерінің барлық топтарында бірақ түрлі формаларында жұмсалады: Қарайым т. қыймэт «баға, қымбат» (КРПС 379); қарақалпақ т. қымбат (КкРС 427); қырғыз т. қыйбат/қымбат (КРС I 489); қырым татар т. қыймет «баға, қымбат» (КТРС 432); құмық т. къыймат «баға» (КумРС 191); татар т. кыйбат «қымбат» (ТатРС 503); башқұрт т. қыйбат «қымбат»: Қыйбат таштың ауырлығы йуқ (мақал) «Қымбат тастың ауырлығы жоқ» (БТҺ I 719). Ұйғыр т. қиммет «баға; қымбат» (YUTS 235); өзбек т. қиммат «қымбат» (УРС 671). Әзербайжан т. гиймәт «баға; қымбат» (АзРС 82); гагауз т. қыйметли (арх.) «құрметті, қадірлі» (ГРМС 306); түрік т. kıymet «баға» (ТурРС 547); түрікмен ғыммат «қымбат»: ғызылдан ғыммат «алтыннан қымбат» (ТРС 231). Алтай т. кыймат «қымбат»: кыймат-баалу «бағалы-қымбат, аса қымбат» (АРС 433) Күйіп тұр «өте қымбат, удай қымбат» (ҚТТС 424). Қазақ әдеби тілі сөздігінде күю етістігінің «қымбаттау» мағы­ насы берілмесе де оның күйіп тұр деген тіркесте ауыспалы мағынаға ие болғаны аңғарылады. Заттың бағасы оттай, қолыңды күйдіреді» деген ойдан шықты ма, яғни бір нәрсе қолжетімсіз қымбат болса, оны отқа жақындағандай күйдіреді деп бейнелеген. Ұқсас қолданыстар орысшада бар: цены кусаются, цены жгут , т.б. Түрік тілінде де el yakıyor «қолды күйдіреді» тұрақты тіркесі қымбатшылыққа қатысты айтылады. Қазақ тілінде бұған ұқсас оттай қымбат, қалтаны күйдірді, қалтаны тістейді, қалтаға батады, жанып тұр, аспандап кеткен, шарықтап тұр, ұшып тұр, сұмдық қымбат, қол жетпес, құндыз бағасы секілді образды тіркестер жетіп-артылады.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==