Каржы сауда лексикасы соңғы
61 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ сөздігінде қазақ тіліндегі жүлде сөзі осы монғол тіліндегі малдың басын, жүрегін қосып бір мүше қылып атайтын зүлд сөзінен ауысқан делінген: «Көшпелі халықтарда қоныс аударып, жұрт жаңартқан сайын мал сойып, оның негізгі мүшелерін сыйлы адамдарына тарту салты көпке дейін сақталған. Сыйлы қонаққа қойдың басын тарту салты күні бүгінге дейін бар. Ал жаугершілік замандарда асқан ерлігі үшін батырларына негізгі мүше ретінде жүрек пен бас тарту салты қазақ арасында да болған сияқты. Сондықтан осы мүшенің аты – жүлде (зүлд) сөзі кейін келе-келе бәйге сөзімен синонимдесіп, үздік адамға беретін сыйлықтың жалпылама атауына айналған» (ҚЭС 1966). Қымбат « құнды, бағалы». Қазақ тілінде қымбат сөзі арзанның антонимі ретінде ең жиі қолданылатын сөздердің бірі, әдеби тілде түрлі туынды тұлғалар мен тіркес түрінде жұмсалады: Кымбат көрді «нарқы артық ден есептеді». Қымбатқа түсті «бағасы жоғарылау болды». Қымбатсыну «заттың нарқы жоғары деп білу, қымбат санау». Қымбаттау «заттардың, тамақтың өзіндік құны жоғарылап, нарқы көтерілу». Қымбаттау «бағасыбелгілі шамадан артықтау, құныжоғарылау». Қымбатты «өте құнды, аса бағалы. Қымбаттық «бағасы жоғарылық; құндылық». Қымбатшылық «заттардың, тамақтың бағасының, нарқының тым қымбаттап кеткендігі». Қымбатырақ «бағасы артығырақ, құны жоғарырақ» (ҚТТС 558). Қымбат сөзі басқа варианттары мен мағыналарында қазақ говорларында да айтылады: Қымбатына жету (ҚХР) «қадірін білу, құнын бағалау» (ҚТАС 454). Қибат (Рес, Орын.) «қымбат». Қибаттау (Алм., Жам.) «қымбаттау»: Астықтың бағасы былтыр қибаттап кеткен еді, биыл арзандапты (Алм„ Жам.) (ҚТАС 408). Қымбат (Алм., Жам.; Шығ. Қаз., Больш.) «қиын»: Мына шөптің қызуы қымбат (Шығ. Қаз., Больш.).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==