Каржы сауда лексикасы соңғы
60 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ материалдары негізінде мағынасы түсініксіз болған сөздің екінші мәнін аштық. Қазақ тіліндегі Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма? мақалын осы тілдік деректерге сүйене отырып, «Қыз қымбат па, тұз қымбат па?» деп аударуға болар. Қазақ тілі сөздіктерінде ауыр сөзінің «қымбат» мағынасы туралы айтылмаған, өйткені оның бұл мағынада жұмсалуы тек осы мақалдан байқалады. Жалпы «ауыр» мағынасындағы сөздердің ауыспалы мағынаға ие болу құбылысы тілде бар. Мәселен күшті, әйбат (айбат, айбатты), зор, қиын сөздерінің алғашқы «ауыр; қиын» мағынасынан «керемет, жақсы, қымбат», т.б. ауыспалы мағыналар туған. Тіпті, бұлардың ішіндегі кей сөздердің алғашқы «ауыр» деген мағынасы ұмыт болған. Қырғыз тілінде «ауыр» дегенді білдіретін четин сөзі де «керемет» семасына ауысқан. Сонымен қатар, моңғол тілінде «ауыр» мағынасындағы күндү сөзі тува және алтай тілдерінде «қымбатты» мағыналарына ие болуы мұның қосымша дәлелі болары сөзсіз. Пұлды «бағалы, құнды, нарықты; ақшалы, ауқатты, бай» (ҚТТС 681). Қарақалпақ т. пуллы «ақшалы, ауқатты; ақылы» (КкРС 538). Қырым татар т. пуллу «ақшалы» (КТРС 491). Өзбек т. пулдар «пұлды, ақшалы» (УРС 348). Әзербайжан т. пуллу «бай; ақылы» (АзРС 248); түрікмен т. пуллы/ пулдар «ақшалы, бай» (ТРС 537). Жүлді (Алм., Жам.) «қымбат, бағалы»: Өзен, өрісі, кең суат, елдің қымбат жүлдісі (Алм, Жам.) (ҚТАС 276). Қазақ әдеби тілі сөздігінде тіркелмеген бұл сөз тек Аймақтық сөздікте берілген. Жүлді тұлғасына қатысты материалдар жеткілікті емес, сол себепті сөздің түбіріне қатысты әзірге жорамал айта аламыз. Бұл қолданыс негізінен жүлде «қымбат нәрсе, бағалы сый» мағынасынан туындаған болса керек, мысалы жүлді зат «қымбат зат, бағалы нәрсе, жүлді сөз «асыл сөз». Ал әдеби тілдегі белсенді сөз жүлде болса парсы тіліндегі julda «ғиззат, сыйлық, бағалы нәрсе» (Г.Мамырбекова) делінген. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==