Каржы сауда лексикасы соңғы

59 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ «ҚЫМБАТ МАҒЫНАСЫНДАҒЫ ҰҒЫМДАР Қазақ тілінің әлем тілдерінен ең ерекше тұстарының бірі – синоним сөздердің көп кездесуі. Қай сөзді алсаңыз, мағыналық сыңары табылады. Тіліміздің байлығы әрі ерекшелігі бір сөздің 10-нан астам баламалары, тіпті 20 синонимі табыла береді. Алысқа бармай-ақ, тегін сөзінің біз білетін «ақысыз, төлеусіз, өтеусіз, саудасыз, пұлсыз, ақысыз-пұлсыз, сатусыз, борышсыз, тек, бос, жай, әншейін, бекер» сияқты 13 мағыналас формасы бар. Ал қымбат мағынасында қанша сөзіміз бар? Тегінге қарағанда аздау ма, санап көрсек: қымбат, құнды, бағалы бұлар белсенді лексикаға жатса, нарықты пұлды, жүлді пассив қабатқа кіреді. Ауызекі тілдегі «күйіп тұр» қолданысын санамағанда бұлардың бәрі кірме сөз екен. Төл сөзімізге қайсысы жатады? Ауыр «қымбат». Қазақ тілінде бұл сөз «қымбат» мағынасында белсенді жұмсал­ маса да Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма ? (БС 65, 2010: 88) мақалында сақталған. Ауырдың «қымбат» мағынасындағы көне сөздердің бірі екенін түркі жазба мұралары мен тілдерінен аңғарамыз: Білге қаған ескерткішінде ағыр «қымбат, бағалы» (BK.2; BK.15). Көне ұйғыр жазба ескерткіштер тілінде ағыр «қымбат; маңызды; құрмет»; ағыр-аяғ қылу «құрмет көрсету» (ДТС 20). Диуани лұғатит түрк ескерткішінде ағыр «бағалы» (DLT 38/25) (Ercilasun, Akkoyunlu 2015: 21). Қазіргі түркі тілдерінен тек кейбір оғыз бен сібір тілдерінде қолданылады: Түрік тілінде ağır «бағалы, қымбат» (TS 40); әзербайжан тілінде agır «өте қымбат» (АДИЛ I 47). Сары ұйғыр тілінде ағыр «қымбат» (Малов 1957: 11); тува тілінде aaр «бағалы» (Татаринцев I 2000: 38); якутшада ыар «құнды» (ЯРС 520). Сонымен, көне түркі тілі және қазіргі түркі тілдерінің материалдары негізінде ауыр сөзінің ауыспалы «қымбат, бағалы» мағыналарында қолданылуы мүмкін екендігін көрдік. Түркі тілдері

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==