Каржы сауда лексикасы соңғы

58 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ форманың «тегін» мағынасында қолданылуы тек қазақ тіліне тән. Сауда түбірінің қолданысына қатысты материалды сауда сөзіне қатысты тараушада бердік. Қорыта келгенде, тегін мағынасындағы сөздер біріншіден төлем мағынасындағы сөздерге «-сыз» аффиксі қосулы арқылы жасала­ ды, мысалы ақысыз, сатусыз, төлемсіз, ақысыз-пұлсыз, ақшасыз және т.б. Екіншіден, бекер, құр, жай, әншейін, текке, босқа деген мағынадағы төл сөздер арқылы пайда болады. «Тегін» мағынасындағы сөздердің көп болуы біздің тегін деген нәрсені қатты жақсы көреміз дегенді білдіре ме? Әлде жомарттығымызды көрсете ме? Бізше тегін мағынасындағы сөздердің көп болуы біздің соған құмар екенімізді білдіртпейді, өміріміз тұрмыс-салтымызда ақылы деген дүниенің болмағанын, тамақты, ағарғанды тіпті сатпайтынын білдіреді. Керек заттар мен қымбат дүниелерді тегін немесе сый ретінде я болмаса айырбас арқылы берілетіндігін көрсетеді. Бұның барлығы көшпелі өмір дәстүрін жалғастырған қазақтардың кең, жомарт, мәрт, қолы ашық болғанының айқын дәлелі. Тек әлемдегі капитализм секілді өзгерістердің келуімен халқымыз жаңа өмір заңына төселе бастаған да ақылы деген қолданыстар шыққан. Ол терминнің өзі қазақтікі емес, арабтың хаққ яғни біреудің ақысы деген мағынасынан ауысқан.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==