Каржы сауда лексикасы соңғы
57 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Қарақалпақ т. хақысыз «ақысыз, тегін» (КкРС 708); қырғыз т. акысыз «тегін» (КРС I 42); құмық т. ғақсыз «тегін, ақысыз» (КумРС 97); қарашай-балқар т. хақсыз «тегін» (РКБС 40); татар т. хақсыз «ақысыз» (ТатРС 1015); башқұрт т. хақһыз «тегін» (БТҺ II 528). Түрікмен т. хақсыз «тегін, төлемсіз» (ТРС 683). Пұлсыз деген тұлғаға келсек, мұндай форма түркі тілдерінде ақысыз дегенге қарағанда азырақ кездеседі: Қарақалпақ т. пулсуз «тегін» (КкРС 538). Қырым татар т. пулсуз «ақшасыз» (КТРС 491). Әзербайжан т. пулсуз «тегін» (АзРС 248) Түрікмен т. пулсуз «тегін» (ТРС 537). Осы сөздерге мағына жағынан жақын сатусыз, саудасыз, төлеусіз, өтеусіз, борышсыз деген төл сөздер бар, олардың кейбірі жаңа терминдер болса, көбі бұрыннан бар сөздер саналады. Сатусыз «ақысыз, пұлсыз, тегін» (ҚТТС 715). Рас, қазақ меймандос халықпыз кең, Рас, бізде сатусыз дәм, ішіп-жем. Қонағым, өз үйіңді ойлай жүр, Дегенді, қонағым-ау, естімеп пе ең? (Д.Әбілев). Сатусыз табылған соң бостан-босқа, Қылуға ортақ қимайды қас пен досқа Кететiн көрiнген ит бiр кемірiп, Бiр жатқан ортақ жемтiк ит пен құсқа (М.Көпейұлы). Сатусыз деген форма қазіргі түркі тілдерінде кездеспесе де, көне түркі тілінде сатығсыз деп, «қымбат» мағынасында ғана қолданылған: Көне ұйғыр жазулы мұраларында сатығсыз «қымбат, сатыл майтын бағалы» (ДТС 491). Cатусыз деген сөздің түбірі сат- етістігіне қатысты талдаулар «сату» тараушасында берілген. Саудасыз «ақысыз, пұлсыз; тегін» (ҚТТС 716). Парсы тіліндегі سودا сауда «trade, traffic, marketing; gain, profit, emolument» және түркі есім тудырушы «-сыз» жұрнағының жалғануы арқылы жасалып, «тегін» деген мағынаға ие болған. Түркі тілдерінен мұндай қолданысты таба алмадық, саудасыз деген
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==