Каржы сауда лексикасы соңғы

56 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ тамақты, ағарған өнімді сатып алу болмаған, сондықтан ақы деген таным қатты сіңбеген болса керек. Кірме сөздердің де осы мағынада көп болуы соның айғағы. Соларға да шолу жасап өтсек: Ақысыз қолданысы араб тіліндегі хаққ «құқық, ерік; әділет, ақиқат» сөзімен жасалған. Арабша «х/һ» дауыссызымен басталатын кірме сөздер қазақ тілінде сөз басында түсіп қалатыны белгілі: һәм «әм», харекет «әрекет», һүкім «үкім/өкім», һажет «әжет», хақ тағала «ақ тағала», т.б. Сол секілді хаққ сөзі тіліміздің айтылым заңына қарай ақы болып өзгерген. Оған «-сыз» жұрнағының жалғануы арқылы «тегін» деген мағынадағы термин пайда болған. Ақы сөзі жаңа терминдерге де қосылып, төлем мағынасына ие болған: еңбекақы, жолақы, жалақы, төлемақы, сыйақы , т.с.с. Ақысыз сөзі түрікмен, қарақалпақ, қарашай-балқар, құмық, татар, башқұрт тілдерінде араб тіліндегідей түпнұсқаға жақын формада, яғни хақсыз деп айтылса, қырғызшада қазақ тіліндегідей акысыз тұлғасында айтылады. Пұлсыз немесе ақысыз-пұлсыз «тегін, бос» (ҚТТС 35) деген қолданысқа келсек, ол парсыша «ақша; мата» мағынасындағы пұл сөзіне (айтпақшы, пұл атауы біздегі «ақша» орнына көрші туыс түркі тілдерінде жиірек жұмсалады) жоғарыдағы жұрнақ жалғануы арқылы жасалған. Қазақ тілінде осы қолданыс тегін және ақыcыз терминдеріне қарағанда сирек кездеседі. Ал қарақалпақ, қырым татар, әзербайжан және түрікмен тілдерінде пулсуз деген термин актив сөздер қатарына кіреді, өзбек тілінде болса «-сыз» жұрнағы орнына «бей» префиксі қосылып бепул деп жұмсалады. Араб тіліндегі хаққ «құқық, ерік; әділет, ақиқат» сөзі (қазақ тілінде «еңбекақы, үлес, сыбаға, төлем» мағынасына да ие болған) (Оңдасынов 2010: 85) мен парсыша пұл «ақша; мата, кездеме» (Оңдасынов 1974: 72) тұлғасына «-сыз» жұрнағының жалғануы арқылы «тегін» деген мағынадағы қос сөз пайда болған. Қазақ тілінде ақысыз, ақысыз-пұлсыз формаларында да айтылады: Ақысыз «тегін, төлемсіз, ақы төлемей» (ҚТТС 36). Ақысыз-пұлсыз «тегіннен-тегін, бостан-бос» (ҚТТС 36). Ақысыз тұлғасының мұндай мағынасы мен тұлғасы түркі тілдерінде кең таралмаған, көбіне қыпшақ тілдерінде айтылады:

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==