Каржы сауда лексикасы соңғы

55 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Анадолы түрік тілінде ол сөз «бойдақ» деген мағынаға ауысқан. «Тегін» деген мәнде қазақ говорларында айтылатын бекер сөзі бұл мағынасында қырғыз тілінде белсенді жұмсалады: Қырғыз т. бекер «тегін»: Жақсы сүйлөсөң, бекер берет «Жақсы сөйлесең, тегін де берер»; Бекер жүргөнчө бекер иште «Босқа жүргенше тегін істе» (мақал-мәтел) (КРС 125). Кейбір өзге тілдерде де осы мағынасында айтылатынын көруге болады: Қарақалпақ т. бийкар «тегін (бұл мағынасы актив емес, көбіне «құр, босқа» деген мәнде айтылады)»: Бийкар жүргенше бийкар исле (мақал) (КкРС 104). Ұйғыр т. бикар «тегін» (YUTS 41). Татар мен башқұрт тілінде қазақ тіліндегідей «құр, босқа» мағынасында жұмсалады: Татар т. бикар (арх.) «құр, босқа, жай» (ТатРС 103); башқұрт т. бикәр «құр, босқа»: Бикәр эш битһез булыр (мақал) «Бекер іс бетсіз болар» (БТҺ I 141). Н. Ондасынов қазақ тіліндегі бекер сөзін парсыдағы «жұмыс­ сыз; құр, бос жүру, сандалу» мағынасындағы биқар тұлғасымен тең көреді (Оңдасынов 1974: 61). Парсы тіліндегі мағынада төмендегі тілдерде айтылады: Қарақалпақ т. бийкар «жұмыссыз, іссіз, қолы бос, шаруамен айналыспайтын, бекер жүрген адам»: Бийкардан тәңири безер (мақал) (КкРС 104). Ұйғыр т. бикар «қолы бос, құр жүрген адам; жұмысы жоқ» (YUTS 41); өзбек т. бикор «ісі, шаруасы жоқ адам» (УРС 50). Әзербайжан т. бикар «қолы бос, сандалбай, жұмыссыз» (АзРС 50); түрікмен т. бикәр «жұмыссыз, іссіз, қолы бос, бос, еркін» (ТРС 95). Бұл сөздердің барлығы түптеп келгенде «құр, жай, бос» деген мағынадан қазіргі күндегі «тегін» деген мағынаға ауысқан. Орыс тілінде просто так және ағылшынша free сөздерімен жасалуы жағынан бірдей формалар саналады. Бірақ біздегі нұсқалар калька яғни тікелей аударма емес. Ал ақы мағынасындағы «-сыз» жұрнағы қосылып жасалған сөздердің барлығы бізше жаңа қолданыстар секілді және орысшадан (бесплатно) аударма сөзге ұқсайды, өйткені қазақ танымында әсіресе

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==